Сиырлар ақсап қалғанда, олар қиналады, сонымен қатар олардың сүті азаяды. Тұяқтардың сау болуы және оларға күтім жасау сиырлардың ұзақ өмір сүруі мен жоғары өнімділігі үшін қажетті шарт болып табылады. Осылайша, тұяқ күтімі бір жағынан терапия, екінші жағынан профилактика болып табылады.
KFM жобамыздың халықаралық сарапшысы Хольгер Пловка (суретте сол жақта) тұяқтардың саулығы туралы кеңестер береді:
- Тұяқ күтімін дер кезде бастаңыз: Пловка тұяққа күтім жасауды бірінші төлдеуден кемінде екі ай бұрын, немесе бірінші ұрықтандыру жасында бастаған дұрыс дейді.
- Тұяқ күтімін үнемі қайталап тұру керек: “Тұяқтардың профилактикалық күтімін жылына үш рет жасау керек, әйтпесе көптеген фермаларда тұяқ күтуді оны әбден емдеу қажет болғандаға ғана бастап жатады”, – дейді Пловка.
- Тиісті уақытта: тұяққа күтім жасау әсіресе суалту кезінде және төлдегеннен кейін екі айдан кейін маңызды. Сонымен қатар, жақсы басқарылатын фермада жануарлардың 90% – ы ақсақтыққа ұшырамайды.
- Емдеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым жақсы. Сондықтан Пловканың кеңесі: “Егер ақсақтық белгілері пайда болса,сиырды тұяқ өңдеу жабдығына апару керек.
Тұяқ өңдеу жабдығы/станогы адам сиырды жалғыз өзі кіргізіп, оны өңдей алатындай етіп орналастырылуы керек. Егер машина фермаға осылай орнатылған болса ғана, ол қолданылады.
- Тұяқ аурулары сиырларға өте ауыр тиеді:” ақсандап қалған малға ауырсынуды басатын дәрі беруіңіз керек”, – деп түсіндірді Пловка. Бұл сонымен қатар қалпына келтіру деңгейін де арттырады.
- Тұяқ күтімін тіркеп отыру: сарапшы тұяқтарды өңдеу мен емдеуді құжаттауды ұсынады.
- Дұрыс азықтандырыңыз! Пловка дұрыс азықтандыру да тұяқтардың денсаулығының негізі екенін атап өтті.
- “Тұяққа күтім жасау ақша қажет етпейді, ол ақша әкеледі”, – деп атап өтті сарапшы, өйткені тұяққа үнемі және профилактикалық күтім жасау емдеу шығындарын азайтып қана қоймайды, сонымен қатар жануарлардың ұзақ өмір сүруіне және өнімділігіне жақсы әсер етеді.
Уве Веддиге
Фото: KFM