Сүтті мал шаруашылығы бойынша неміс мамандары бір апта бойы қазақстандық мал дәрігерлері мен табын менеджерлерін оқытады.
Жақында KFM жобасының пилоттық шаруашылықтарының тоғыз қызметкері Германияға табын менеджерлері үшін қарқынды курсқа қатысу үшін аттанды. Бақдәулет Тұрсынбай (KFM) топты сапар бойы ертіп жүреді, Айгүл Леннарцпен (ADT) бірге ол Хаус-Дюссе деп аталатын Ауыл шаруашылық тәжірибе және оқыту орталығында қатысушылар мен жаттықтырушылар арасындағы қатысымды аударады.
Мал дәрігерлері мен табын менеджерлері ірі қара малдың генетикалық әлеуетін тани және қолдана білуі керек. Бұл ретте әрқашан малдың амандығы мен денсаулығын ескеру керек. Деректер мен негізгі көрсеткіштерге сүйенумен қатар табын менеджерлеріне көбінесе жануарларды жаттыққан көзбен бір қарап шығу жеткілікті болады. Алайда, көптеген фермаларда мал шаруашылығы мамандары қорадағы жануарлар мен процестерді ұйымдастырып, бақылап қана қоймайды, олар көбінесе әріптестерінің мәселелерімен айналысады. Мысалы, олар тапсырмаларды бөліп беруді және жұмыс жоспарларын құруды өз мойнына алады.
Хаус Дюссе орталығындағы оқу күні таңертең сиыр қораларын қарап шығудан басталады. Бұл ретте жануарлардың денсаулығы және ұрықтандыру қажеттілігі тексеріледі.
Күн барысында оқу бағдарламасында жануарлардың денсаулығы, дұрыс сауу, мал жатып-тұратын жердің күтімі, бұзау өсіру, азықтандыру және жануарлардың тұяқтарын күту сияқты тақырыптар бар. Сонымен қатар, қатысушылар жұмыс жоспарларын құруды және құжаттаманы жүргізуді, сондай-ақ күйлеу мерзімін анықтаудың заманауи әдістерін және басқа да басқару бағдарламаларын қолдануды үйренеді.
Тренингтің әр күні қалай басталды, солай аяқталады: бәрі бірге сиыр қораларды қарап шығады.
Уве Веддиге