Зоотехник Катя жаңа туған бұзауға үлкен шыдамдылықпен қайта-қайта уыз ішкізуге тырысады. Ол емізікті бұзаудың аузына абайлап және бірнеше рет итереді.

Уыздан бас тарту бұзаулардың деңсаулығына зиян келтіреді. Бұл ірі қара малдың жүктілігі кезінде антиденелердің анадан ұрыққа берілмеуіне байланысты. Алайда, туылғаннан кейін бұзаудың иммундық жүйесі үнемі бактериялар мен вирустарға және паразиттерге тап болады.

“Уыз құрамында өмірінің бастапқы кезеңінде бұзау үшін өте маңызды болатын энергия, ақуыз, дәрумендер, сондай ақ макро – және микроэлементтер шоғырландырған”, – деп түсіндіреді халықаралық сарапшы доктор Клин Солтүстік Қазақстандағы консультациялары кезінде. Сонымен, колострум-бұл өмірдің алғашқы кезеніндегі нағыз сиқырлы эликсир ғана емес, ол жалпы алғанда бұзау деңсаулығының негізін құрайды”. Бұл тұрғыда колострум-бұл сүт емес, бұзаудың дәрісі”, – дейді тәжірибелі ветеринар.

Бірінші күннің колострумында/уызында иммуноглобулиндердің ең жоғары концентрациясы болады. Антиденелердің концентрациясы тез төмендейді, сондықтан өмірдің алғашқы 4 сағатында бұзауға кем дегенде 4 литр колострум беру керек. Егер жаңа туған бұзау барлық шыдамдылық пен қайталанған әрекеттерге қарамастан уыз ішпесе, онда зонд арқылы беру керек. Негізі колострумды зондпен беруден аулақ болу керек, өйткені бұл процедура сүттің месқарынға немесе одан да жаманы – трахеяға түсуіне әкелуі мүмкін. Егер колострум болмай қалса немесе жеткіліксіз болса, бұрын басқа сиырлардан алынған және мұздатылып ерітілген колострум қолданылады. Уызды жеткілікті көлемде ішіп өскен бұзаулар ғана уызбен бірге сіңірген антиденелердің арқасында маңызды қоздырғыштардан жеткілікті деңгейдегі қорғанысқа ие. Бұл бұзаудың иммундық жүйесінің дамуына уақыт береді.

Уве Веддиге

Фото: KFM