Ауру тұяқтар көптеген жағдайда сүтті мал ақсақтығының себебі болып табылады. Сондықтан көптеген фермаларда тұяқтардың денсаулығын едәуір жақсарту маңызды.
Ақсақтық репродуктивтік қызметтің бұзылуы мен мастит проблемаларынан кейін сүтті сиырларды жарамсыздыққа апаратын аурулар тізімінде жоғарғы орында тұр. Жақсы басқарылатын сүт фермаларында маңызды алдын-алу шарасы -жылына үш рет тұяқтарды кәсіби күту, сонымен қатар суалу кезінде және лактацияның 40-60-шы күнінде барлық сиырлардың тұяқтарын тексеру және күту. Бұл шараларды ақсақтықты мұқият тексеру толықтырады.
Семинардың теориялық бөлімінде зоотехниктер, тұяқ күту мамандары және табын басқарушылар тұяқ анатомиясының негіздерін, тұяқтардың маңызды ауруларын және ақсақтықты анықтау тәсілдерін зерттейді. Алайда, іс-шарада басты назар функционалды тұяқ күтуге арналған практикалық жаттығуларға аударылады. Жаттықтырушының нұсқауына сәйкес қатысушылар тірі жануарлармен қажетті жұмыстарды өткізеді және пышақтарды қайрау, таңу, қалып желімдеумен айналысады және құралдармен танысады.
Біз Хольгер Пловканы тұяқтар денсаулығы боынша танымал сарапшы ретінде шақырып отырмыз. Ол бірнеше рет Қазақстандағы халықаралық жобаларда жаттықтырушы ретінде табысты жұмыс атқарған.
Іс-шара
Неміс Аграрлық Орталығында (НемАОАМТК) 2022 жылдың 27 және 28 сәуірінде, сағат 09:00 бастап өтеді.
Мекен-жайы: Чаглинка ауылы, Зеренді ауданы, Ақмола облысы.
НемАО ұжымы қатысушыларға түнеу орыны мен тамақтану мүмкіндігін ұсынады.
Қатысушылар саны шектеулі, тіркеусіз қатысу мүмкін емес!
Қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін Олеся Кобзеваға (НемАО) +7 705 754 32 72 телефон арқылы хабарласыңыздар.
Уве Веддиге