About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 581 blog entries.
4 06, 2024

Жоңышқа: шабу күнін анықтау

2024-06-04T06:52:41+01:004. июня 2024|

Жоңышқа шабу уақытын белгілеу әрқашан күрделі шешім болып табылады. Өнімділік пен сапа бір-бірімен тығыз байланысты. Жоңышқаның гүлдене бастағаннан бастап толық гүлденуге дейін сіңімділігі күніне 1 % төмендейді. Бұл ерте шабылса (гүлденер алдында), шығымы аз болады, бірақ сапасы жоғары болады. Керісінше, жетілген кезеңде шабу (толық гүлдену) сапасы төмен жоғары шығым береді. Жоңышқа шабудың оңтайлы уақыты – өсімдіктердің 5-10% гүлдеген кезі.

“Байсерке-Агро” фермасы биыл алғаш рет жоңышқа шауып алады және аймақта ол бойынша тәжірибе аз. Сондықтан KFM ұжымы жоңышқаның өсуін қарқынды бақылап қана қоймай, масса мен құрғақ заттарды анықтау үшін егін алқабынан бірнеше нақты үлгілерді алып тексерді. Жоспарланып отырған оңтайлы шығымы 1 гектардан 6 және 10 тонна балғын масса. Бұл уақытта құрғақ заттың мөлшері 24 – 29%  болды.

Уве Веддиге

Фото: KFM

30 05, 2024

Жаздағы сүрлем

2024-05-30T07:28:49+01:0030. мая 2024|

Жаз мезгілінің жоғары температуралары тіпті оңтайлы азықтың да қайта қызуына ықпал ете алады. Сондықтан жалпы консультативтік тәжірибеде сүрлемнің қайта қызуы тұрақты мәселе болып табылады.

Бұл қызудың негізгі себепшісі ашытқылар. Олар іс жүзінде жабық сүрлемнің ашылуы мен оттегінің кіргенін күтеді. Қалдық қант пен сүт қышқылы олар үшін қуат көзі болып табылады.

Қызу ең алдымен азықтың энергияны жоғалтуын білдіреді. Әдетте, температура әрбір 10 °C жоғарланған сайын тәулігіне құрғақ заттың әрбір килограммынан 0,1 МДж NEL жоғалады. Температура 15-тен 40 °C-қа дейін тез көтерілуі мүмкін, әсіресе тығыздалуы қиын жерлерде. Жақсы тығыздалған сүрлемнің температурасы жазда да 25 °C-тан аспауы керек. Мұны термометр немесе тепловизормен тексеруге болады. Егер сүрлем қызса, ол жемшөп араластырғышта және жемшөп үстелінде қызуын жалғастырады, бұл сиырлардың құрғақ затты тұтынуын және өнімділігін төмендетеді.

Кесіп алынған жер тегіс болмаса, сүрлем қатты тығызданбаған және алу жылдамдығы баяу болғаны қызу процесіне жағдай жасайды. Егер қыста аптасына 1,5 метр жем алып отыру жеткілікті деп саналса, жазда бұл көрсеткіш аптасына 3 метр болуы керек.

Бағыт егін жинау кезінде белгіленеді: құрғақ сүрлемді тығыздау қиынырақ. Осының салдарынан сүт қышқылды ашу процесі әлсірегенде сүрлемді тұрақтандыратын қоспалар қолдану керек.

Сүрлем де, ТМR/ЖАР (жалпы аралас рацион) да қызбауы керек, өйткені бұл малдың азықты тұтынуын төмендетеді және денсаулығына қауіп төндіреді, сонымен қатар маститпен ауратын сиырлар саны көбейіп кетуі мұмкін.

Уве Веддиге

Фото: KFM

23 05, 2024

Сиырлар инсулині бар сүт береді

2024-05-23T08:23:58+01:0023. мая 2024|

Инсулин қант диабетімен ауыратындар үшін өте маңызды. Осы уақытқа дейін бұл зат ашытқы мен бактериялардың көмегімен өндірілген. Әлемнің көптеген аймақтарында инсулин жетіспейді және бүкіл әлемде бұл аурудан зардап шегетін адамдар саны артып келеді.

Тарихта алғашқы рет сүтінде адам инсулині бар сиыр өсіріліп отыр. Оның сүті генетикалық түрлендірілген ашытқыны немесе бактериялық штаммдарды қолдана отырып, инсулин өндірудің дәстүрлі әдісіне балама болып табылады.

Генетикалық модификацияның соңғы әдістерін қолдана отырып, ғалымдар адам ДНҚ-ның белгілі бір сегментін сиыр эмбриондарының ДНҚ ядроларына енгізді. Осының нәтижесінде сиырлардың біреуінен тұған бұзау өсіп, инсулині бар сүт беретін болды.

Әрі қарай зерттеушілер инсулині бар сүт өндіретін сиырлар табынын шығару үшін ерекше сиырды клондағысы келеді. Мұндай табын бір күні бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар үшін инсулин шығара алады. 100-ге жуық сиыр АҚШ-тың барлық қажеттілігін жаба алады.

“Биотехнология” журналы, қысқартып өндеген Уве Веддиге

Фото: KFM

16 05, 2024

Антибиотикпен емделінетін сиырлардың сүтімен не істеу керек?

2024-05-16T09:21:29+01:0016. мая 2024|

Бір қарағанда, емдеу жасалып жатқан сиырлардың сүтін пайдалану орынды сияқты. Дегенмен, оны пайдаланбаған дұрыс, өйткені бұзауларды ондай сүтпен азықтандыру көбінесе антибиотиктердің бақылаусыз жеткізілуіне әкеледі. Желін сүтіндегі антибиотик қалдықтарының ішек флорасына әсері және жалпы төзімді патогендердің дамуы көптеген проблема тұдырады.

  • Ішек флорасының бұзылуы: антибиотиктер ішек микробиотасының тепе-теңдігіне әсер етуі мүмкін, өйткені антибиотиктер жақсы бактерияларды тіпті жойып тастайды. Бұзылған ішек флорасы ас қорыту проблемалары мен диареяға әкелуі мүмкін.
  • Төзімді бактериялардың дамуы: антибиотиктерді қолдану төзімді бактериялардың дамуына және селекциясына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан бұл төзімділік басқа бактерияларға да берілу қаупі бар.
  • Жануарлардың денсаулығына қауіп: төзімді бактериялар ауыр инфекцияларға әкелуі мүмкін, оларды емдеу қиын, өйткені қарапайым антибиотиктер тиімсіз болуы мүмкін.
  • Адамға берілуі: төзімді бактериялар адамдарға берілуі мүмкін.

Сонымен қатар, мұндай сүтте көбеюге қабілетті төзімді/резистентті бактериялар болуы мүмкін. Пастерлеу кезінде де бактериялардың 90 % – ы өледі. Пастерлеуге дейін немесе одан кейін сүтті мұқият өңдемесе, ондай сүтті беру қаупі одан әрі артады. Төзімділіктің берілу қаупін болдырмау және емдеуге төзімді ауруларды болдырмау үшін, бұзауларға антибиотикпен емделінетін сиырлардың сүтін бермеген дұрыс.

Уве Веддиге

Фото: KFM

14 05, 2024

Уыз беруге қатысты қадағаланатын бес жайт

2024-05-15T11:23:47+01:0014. мая 2024|

«Барлық бұзаулардың 50% -дан астамында өмірінің алғашқы бірнеше аптасында денсаулығына байланысты проблемалар бар», – деп хабарлады KFM жобасынан Уве Веддиге. Бұзаулардың денсаулығында ең көп кездесетін проблемалар іш өту және өкпе мен кіндік қабынуы болып табылады. Бұл жерде бұзауларды уызбен азықтандыру маңызды рөл атқаратынын неміс сарапшысы атап өтті: «Уызбен азықтандыру жүйесі жақсы болатын фермаларда бұзаулардың ауруларымен проблемалар сирек кездеседі».

  • Сапасы: рефрактометр арқылы ингредиенттерді тексеріңіз!
  • Мөлшері: ішуге ұсынылатын мөлшері – шамамен 3-4 литр.
  • Жылдамдық: уыз неғұрлым ерте берілсе, соғұрлым көп мөлшерде сіңеді.
  • Құжаттама: сүттің мөлшерін, қай сиырдан алынғанын және уақытын жазыңыздар!
  • Тазалық: барлық контейнерлер сүт қалдықтарынан және кез келген биопленкадан тазартылуы тиіс!

Бұзау туа салысымен тез арада уыз ішуі керек. «Туылған кезі мен сүтті бірінші рет қабылдау арасындағы уақыт неғұрлым ұзақ болса, бұзау оның компоненттерін нашар сіңіреді», – дейді Веддиге. Көптеген фермаларда бұзауларды тәулік бойы бақылау жақсы нәтиже беріп жүр. Бұл сондай-ақ бұзауды дереу азықтандыруға мүмкіндік береді.

Уызды тез беруден басқа, сүттің тазалығы да маңызды. Егер шелек немесе бөтелке лас болса, онда бұзаудың ағзасына иммуноглобулиндер ғана түсіп қоймай, біз қалағаннан әлдеқайда көп микробтар түседі.

Уыздың сапасы сиырдың жасына емес, оның суалған кезені қаншалықты ұзақ болатынына және осы уақытта немен азықтанатынына байланысты. Егер сиыр бұзауды жеткілікті мөлшерде уызбен қамтамасыз етуге жеткілікті сүт өндірмесе, қорда мұздатылған уыз болғаны дұрыс.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

9 05, 2024

Фактілерді тексеру: сүт және денсаулық

2024-05-02T06:41:06+01:009. мая 2024|

Халықаралық сүт федерациясының (IDF) сарапшылары жақында фактологиялық шолулар барысында сүт, ірімшік және йогурттың денсаулыққа әсері туралы ақпаратты қорытындылады.

Азық-түліктің құрамы және олардың адам рационына әсері қайта қаралды. Сонымен қатар, кардиологиялық және гастроэнтерологиялық аспектілер, қимыл-тірек аппаратының денсаулығы және медицина контекстінде метаболизм бойынша соңғы ғылыми зерттеулер жиналды. Тамақтың тек оның ингредиенттерінің жиынтығы ретінде бағаланбайтынына ерекше назар аударылды, сондай-ақ метаболизм процесінде қоректік заттардың өзара әсерін ескеру қажет.

Түрлі өнімдерге қатысты негізгі қорытындылар:

  • Ауыз сүт: обырды зерттеудің дүниежүзілік қоры лактоза және казеин сияқты сүт компоненттері кальцийдің қолжетімділігін арттырады және осылайша ішек обырынан қорғайды деген қорытындыға келді.
  • Ірімшік: егер зерттеу нәтижелерін жинақтасақ, ірімшікті тұтынудың денсаулыққа бейтарап немесе жағымды әсері туралы айтуға болады, осыған байланысты тіс саулылығы жақсаруы мүмкін.
  • Йогурт: 2-ші типті диабетке және ішек денсаулығына оң әсері ғылыми зерттеулермен дәлелденді. Зерттеулер көрсеткендей, йогурт семіздікке бейімділікті төмендетеді және оны жейтін тұтынушыларда жоғары қан қысымы проблемасы сирек кездеседі.

VDM-Schnell-Information 01-2024

Сурет: KFM

7 05, 2024

Малдың азықты тұтыну мөлшері: азық құрғақ затының мөлшері шынымен де 24 кг ба?

2024-05-13T07:50:20+01:007. мая 2024|

Әрбір табын басқарушыcы сиырлардың қажеттіліктеріне сәйкес қоректік заттармен қамтамасыз етілуін бақылау үшін өз сиырларының азық құрғақ затын тұтыну мөлшерін білуі тиіс.

Азықты тұтыну негізінен 3 факторға байланысты.

  1. Жануарлармен байланысты және азықты тұтыну деңгейіне әсер ететін факторлар – бұл лактацияның жай-күйі, лактациялардың саны, тірі салмағы мен сауым сүт мөлшері. Лактацияның алғашқы апталарында сауым күрт өсетіндіктен, бұл кезеңде жемнің жоғары энергетикалық тығыздығы маңызды. Мал азығын тұтыну да сауымның өсуімен ұлғаяды. Алайда мал тұқымы азықты тұтынуға да әсер етеді.
  2. Азықты көбірек тұтынуға байланысты ең маңызды фактор дәмді, хош иісті және энергияға бай жемшөп болып табылады. Азықтағы энергияның жұғымдылығы мен құрамы да оның желінуіне үлкен әсер етеді. Судың жоғары мөлшері, қоқыстың көптігі және құрамындағы шабылған қатаң азықтың ұзындығы азықтың тұтынуын едәуір азайтады. Артық кетпеңіздер: егер рационның құрылымдық тиімділігі тым төмендесе, бұл азық беру процесіне байланысты ауруларға әкеледі.
  3. Қоршаған орта факторларының арасында бірінші кезекте қоршаған ортаның температурасын атап өткен жөн. Жоғары температура азықты тұтынуға теріс әсер етеді. Сүт сиырлары ылғалды және жылы климаттық жағдайларға қарағанда суық және құрғақ ауа райына жақсы төзеді. Алайда, жем-шөпті тұтынуға сондай-ақ жануарларды азықтандыру мен ұстау жағдайының барлық процесі әсер етеді, мысалы, азықты тарату және сүрлемді дайындау/сақтау және азықты уақытында сиырлардың алдына итермелеп тұру.

Қорытындылай келе, суалған сиырларға оңтайлы күтім жасалса және табынның денсаулығы жақсы болса, олар азықты жақсы жейді деп айтуға болады. Тек тұяқтары сау, ауырмайтын және стресске ұшырамайтын сүтті сиырлар азықты жақсы және жиі жейді. Бұл азықты тұтынудың жоғары деңгейіне қол жеткізудің негізгі алғышарты.

Уве Веддиге

Сурет: Веддиге

2 05, 2024

Жаз: сиырларға ыстықтын әсері

2024-05-02T06:04:49+01:002. мая 2024|

Жаз жақындап қалды. Сондықтан сүтті ірі қара мал табынының жазғы мезгілден аман-есен өтуі үшін шаралар қолдану қажет. Сиырлар ауа температурасы 25 ° C дейін болған кезде жылудың әсерінен болатын күйзелісін сезінеді, бұл сүттің азаюына және оның құрамындағы компоненттердің азаюына әкеледі.

Сиыр қораның әрқашан жақсы желдетілуін қадағалаңыз. Сиыр қорасының есіктерін, перделерін және терезелерін ашу шығын қажет етпейді. Қораға орнатылған желдеткіш те жақсы әсер етеді. Осьтік желдеткіштер мен Casablanca желдеткіштерін орнату бойынша біздің жаднамаларымызбен танысыңыздар.

Су бүріккіш және спринклерлер жүйесі қораның суытылуын судың ұсақ тамшыларының булануы арқылы қамтамасыз етеді. Ылғалды ауа саунадағыдай әсер бермеуі үшін жақсы ауа айналымын қамтамасыз ету маңызды. Жүйе дұрыс орнатылған жағдайда жануарлар мен еден құрғақ күйінде қалады, сондықтан гигиенаға зиян келтірілмейді. Әсіресе 15 минуттық ырғақ тиімді екені анықталған: 3 минут суды шашырату, 12 минут оның буға айналуына кетеді.Таза судың жеткілікті мөлшерде болғанын қадағалаңыздар. Жазда сиыр күніне 150 литрге дейін су ішеді.

Жазғы температурада сиырлар терлеп, тек сұйықтықты ғана емес, сондай-ақ бағалы тұздар мен минералдарды жоғалтады. Жануарларыңыздың әрқашан жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз етілуін қадағалаңыз, ал ыстық күндері ірі қара мал үшін минералдар мен тұздың мөлшерін шамамен 20% -ға ұлғайтыңыз. Тұз блоктарының немесе жалайтын тұз салынған шелектердің әрқашанда сиырлардың алдында болуы да өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеген.

Уве Веддиге

Сурет: Weddige

30 04, 2024

Ірі қара малдың денсаулығы бірінші орында

2024-04-30T09:30:38+01:0030. апреля 2024|

«Сиырлардағы ең өнімділерінің бірінде жатыр қабынуы бар», – деп хабарлайды табын басқарушысы. Осыған байланысты ол сүттің азаюы туралы ғана емес, жоғары температура мен емдеуге жұмсалатын шығындар туралы да ойлайды. Мұндай жануарларда буаз болуына байланысты проблемалар болады екенін оның жақсы білетінін айтпағанда.

Осы жағдайда бірнеше сұрақ туындайды: мен сиырлар төлдеген сон ауырып қалмайтындай не істей аламын? Ауру жануарларды ертерек анықтауға қандай мүмкіндіктерім бар?

Осы және басқа да көптеген мәселелер бойынша «Байсерке Агро» ғылыми-практикалық орталығында тренинг өтті. Ханна Мари Дайстинг пен доктор Хуберт Бурдің басшылығымен KFM болашақ мастер-тренерлері жаңа төлдеген сиырлармен жұмыс істеуді, сондай-ақ түрлі алдын алу шаралары мен шұғыл емдеу жолдарын үйреніп, машықтанды.

«Біз барлығымыз бір апта ішінде екі сарапшының басшылығымен құнды білім мен дағдыға ие болдық», – деген болашақ мастер-тренерлердің бірауыздан пікірі осындай болды.

Уве Веддиге

Фото: KFM

26 04, 2024

Бұзау өсіру басты назарда

2024-04-26T09:19:35+01:0026. апреля 2024|

Құрметті оқырмандар,

тек сау бұзаулар өнімді сүтті сиырларға айналады. Бұл тұрғыда біз сүт пен сүт алмастырғышты салыстырып көреміз . Біздің кезектң шығарылымымызда біз азықтандыру жоспарын қалай құру керектігін, сіздің фермаңызға қандай әдістер сәйкес келетінін және бұзау өсіру процесін қалай жеңілдетуге және жақсартуға болатынын қарастырамыз. Осыған байланысты біз толық сүтпен азықтандыруды сыни тұрғыдан қарастырамыз және сонымен бірге егжей-тегжейлі талқылаймыз. Сондай-ақ, біз сіздерге бұзауларға жылу стрессінің қалай әсер ететіні және жылу стрессін азайтудың қарапайым шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып береміз. Біздің ақпараттық бюллетень мазмұны сіздер үшін пайдалы болады деп үміттенеміз.

KFM жобасының ұжымы

Go to Top