About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 881 blog entries.
11 12, 2025

Сиырдың сау болуы дұрыс азықтандыруға байланысты

2025-12-11T11:13:32+00:0011. декабря 2025|

Сиырлардың денсаулығына байланысты проблемалардың көбі негізінен азықтандыруға байланысты.

Суалту кезеңінің қалай жоспарланғанының өзінен ақ лактация қалай басталатынын білуге болады: шу түспеуі, ұлтабардың орнынан ығысуы немесе месқарын ацидозы сол кезеңге байланысты болады. Ойластырылған рацион мен азықтандыруды бақылау арқылы желіннің қабынуы мен тұяқ проблемаларының алдын алуға және сиырдың сауылатын кезіндегі денсаулығын, сондай-ақ суалту кезінде оңтайлы физикалық күйін қамтамасыз етуге болады.

Қорадағы барлық сиырлар біркелкі қоспаны теріп жемей тұтынса және оның сапасы үнемі мінсіз болса ғана месқарындағы рН өзгеруін мейлінше азайтуға болады.

Өнімділікке сәйкес дұрыс азықтандырудың арқасында сиырлардың иммундық жүйесі тұрақты болады және сиырлардың өнімділігі төмендемейді. Дұрыс  азықтандыру табынға «қорғаныс қолшатыры» сияқты әсер етеді және жылу стресін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Көптеген мақсатты көрсеткіштер мен практикада қолданатын шаралар ескірген және генетика мен басқарудың қазіргі заманғы деңгейіне сәйкес келмейді. Өз табыс көрсеткіштерін адал және мұқият анықтау арқылы және оларға сыни тұрғыдан қарау арқылы ғана дұрыс кәсіпкерлік шешім қабылдауға болады.

Уве Веддиге

Фото: © KFM

9 12, 2025

Желін саулығын қамтамасыз етудің үш жолы

2025-12-09T07:01:37+00:009. декабря 2025|

Егер соматикалық жасушаларының саны көбейсе, дәрі-дәрмек немесе азықтық қоспалар қажет болады. Бірақ ұзақ мерзімді перспективада желіннің саулығын шынымен жақсартқысы келетін фермер сиыр қорадағы күнделікті процестермен айналысуы керек.

Профессор, д-р Фолькер Крёмкер былай дейді: «Желін мәселесі бір түнде пайда бола қоймайды, олар көбінесе басқарудағы көптеген ұсақ қателердің нәтижесі болып табылады. «Ганновер университетінің маманы: «Желіннің саулығы – басқаруға ғана байланысты мәселе. Ол күн сайын қайталанатын, реттелген процестердің арқасында жүзеге асады.»

Бұл дегеніміз, фермер бокстардың тазалығын, сауын тәртібін қамтамасыз ету және ұсақ-түйекке мән беру арқылы жағдайға белсенді түрде әсер ете алады. Профессор Крёмкер әрбір сауын сиыр табыны ұзақ мерзімді перспективада неғұрлым сау болуын қамтамасыз ететін үш тәсілді сипаттайды:

  1. Жаңа инфекциялардың алдын алу: гигиена, жұмыс стандарттары және сауын тәртібін сақтау негізгі рөл атқарады. Оған бокстардың құрғақтығын қадағалау, оларды үнемі тазалап тұру, сауу гигиенасы мен сауын тәртібін сақтау жатады.
  2. Жаңа инфекцияларды ерте анықтау және емдеу: соматикалық жасушалардың санын бақылап, сүтті тексеріп және жануарлардың жүріс-тұрысына назар аударатын фермер қабынуды оның клиникалық көрінісі байқалмай тұрып анықтай алады. Бұл қаражат үнемдеуге және стрессті — адам үшін де, жануар үшін де — болдырмауға мүмкіндік береді.
  3. Дәйекті іс-әрекет: созылмалы аурулары бар жануарларды дер кезінде оқшаулау. Соматикалық жасушалар саны үнемі жоғары болатын сиыр басқалардың бәріне түсетін бактериялық жүктемені арттырады.

Қорытынды: желіннің сау болуы кездейсоқтық емес, малшы бәрін дәйекті түрде дұрыс жасауы керек және мұны күн сайын жасау керек. Бокстағы төсенішпен сауу аппараттарын күтуден бастап, залалсыздандыруға дейінгі әрбір деталь маңызды. Ол үшін ғажайып шешімдер емес, нақты сауын тәртібі, реттелген гигиена және жауапкершілікті өз мойнына алатын ұжым керек.

Уве Веддиге

Фото: © Уве Веддиге

4 12, 2025

Микропластик ірі қара малдың ас қорытуына әсер етеді

2025-12-04T07:37:54+00:004. декабря 2025|

Жаңа зерттеу микропластик ірі қара малдың ас қорыту жүйесіне қалай әсер ететінін көрсетті, деп хабарлайды «Journal of Hazardous Materials» басылымында неміс-фин ғалымдар ұжымы. Олар месқарыннан сұйықтық алып, оған пластик бөлшектерін, сондай-ақ шөп пен арпа қосты.

«Біздің зерттеуіміз ас қорыту жүйесі пластикті ұсақ бөлшектерге ыдырататын және сол арқылы ықтимал жаңа қауіптерді тудыратын биореактор ретінде жұмыс істейтінін көрсетеді,» — дейді Хоэнхайм университетінен қатысқан зерттеуші Яна Зайферт. Пластмассаның ұсақ бөліктері ұлпаға, демек, азық тізбегіне оңай енуі мүмкін.

Арпамен жасалған эксперименттерде микропластик асқазан сөліндегі бактериялардың құрамын (микробиомды) өзгертіп қана қойған жоқ. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, стресстік реакцияларға байланысты бактериялық ақуыздар да пайда болған.

Бұған дейін өлшемі 0,1 миллиметрден кіші бөлшектердің ішек тосқауылын жеңе алатыны, бұл олардың адамдар тұтынатын жануарлардан алынатын өнімдерде жинақталуына әкелуі мүмкін екендігі көрсетілді, деп жазады зертеу ұжымы. Қалған бөлігі өзгермеген күйінде немесе өзгерген күйінде нәжіспен бірге ішектен шығып, қайтадан егістікке түседі, нәтижесінде цикл қайтадан басталады.

Уве Веддиге

Фото: © KFM

2 12, 2025

Метриттін алдын алу шаралары қандай?

2025-12-02T08:12:52+00:002. декабря 2025|

Көптеген басқа аурулар сияқты, мақсатты алдын алу шаралары және метритті ерте анықтау, сондай-ақ азықтануды дұрыс басқару сүт өнімділігі мен өсімталдығын арттырады.

АҚШ-та 6000-нан астам сиырды бақылау арқылы жүргізілген зерттеу 300 күндік лактациядан кейін жағымсыз иісі бар, сулы және қызғылт шырышы бөлінетін сиарлар  мөлдір немесе сәл іріңді шырышы бар жануарларға қарағанда, айтарлықтай сирек буаз болатынын көрсетті. Бұл жануарлар бұзаулағаннан кейін көбінесе табыннан шығарылады. Сонымен қатар, лактацияның алғашқы 300 күнінде олардың сүт өнімділігі бақылау тобындағы жануарлардан 760 кг төмен болды.

Сондықтан жатырдың қабынуына жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Бұл ретте азықтану әрекеті мен жемшөп тұтыну процесін жақсарту керек. Жатырдың клиникалық қабынуы бар сиырларда төлдеуге үш апта қалғанда теріс энергетикалық тепе-теңдік байқалады. Бұл энергия жетіспеушілігі бұзаулағаннан кейін де сақталады. Төлдегеннен кейін екі-үш аптадан кейін ғана қалыпқа келуі мүмкін.

Сондықтан сиырлардың азық жеуіне ерекше назар аудару керек, өйткені қосымша жұмсалған әрбір кг құрғақ зат (ҚЗ) тәулігіне шамамен 1,5 кг сүт өнімін арттыра алады.

Әсіресе суалту кезеңінің сонғы фазасында жемшөпті іріктеп/теріп жемеін қадағалау керек. Көп жағдайларда сабан тым ұзын, ал рацион тым құрғақ болып жатады. Сабанды 20 мм-ден 30 мм-ге дейін ұсақтап, рационға су қосу арқылы бұл мәселелерді шешуге болады.

Сиырлар бұзаулаған соң көп азық жеуі үшін азықтандыру мерзімін ұзарту керек. Мұны, мысалы, суалту мен төлдеуден кейінгі кезеңде қорадағы мал санын азайтып, жиірек азықтандыру арқылы жасауға болады. Азықтандыру жиілігін күніне бір реттен екі ретке дейін арттырудың өзі күнделікті азықтандыру уақытын он минутқа ұзартады.

Уве Веддиге

Фото: © KFM

 

27 11, 2025

Калифорниялық тестті дұрыс қолданыңыздар!

2025-11-27T09:44:06+00:0027. ноября 2025|

Калифорниялық мастит тесті, сондай-ақ Шальм тесті деп аталады, сауу залында немесе тікелей сиырдың жанында тұрып бірнеше секундтан кейін сүттегі соматикалықалық жасушалардың болжалды мөлшерін көрсетеді.

Сүттің өзінде ешбір өзгеріс байқалмаса да, соматикалық жасушалардың саны көбейіп, субклиникалық мастит болуы мүмкін. Қабыну неғұрлым күшті болса, сүт пен реактив қоспасы соғұрлым тұтқыр болады.

  • Сиырды саууға дайындап, бірінші cүтін сауып тастау керек. Содан кейін желіннің әрбір емшегінен сүтті тест пластинасының төрт бөлек шұңқыршасына бөлек-бөлек сауып аламыз. Бір шұңқыршадағы сүт басқадағымен араласып кетпейтіндей абайлап сауып алыңыз.
  • Екінші кезеңде шұңқыршаны ақырын еңкейтіп, артық сүтті белгіге дейін төгіп тастаймыз.
  • Маңызды: төрт шұңқыршадағы сүт бір-бірімен араласпауы керек.
  • Ағызғаннан кейін әр шұңқыршаға бірдей мөлшерде реактив құйыңыз. Сүт пен реактив мөлшері мүмкіндігінше бірдей болуы керек.
  • Тест пластинасын баяу айналдыра отырып, оны көлденең ұстап тұрып, шұңқыршалардың ішіндегісін мұқият араластырыңыз. Ағуындағы айырмашылықтар субклиникалық мастит барыні көрсетеді.

Әрбір желіннің қабынуын міндетті түрде антибиотиктермен емдеу қажет емес. Экспресс-тест арқылы мұндай дәрі-дәрмекті қажет етпейтін сиырларды анықтауға болады. Осы тақырып бойынша KFM жобасының Калифорниялық тест туралы жадынамасын оқыңыздар.

Уве Веддиге

Фото: Шальма тесті көмегімен сүт сынамасындағы соматикалық жасушалардың санын бағалауға болады. © Ветеринарлық медицина докторы Фридерике Райнеке

25 11, 2025

Ойыншықтармен алдандыру

2025-11-25T04:53:13+00:0025. ноября 2025|

Көптеген табындарда бұзаулардың бір-бірін соруы үлкен проблема.Бұзау қорада сыртқы қоздырғыштардың аз болғандығынан бұзаулар көбінесе бір-бірін сору немесе қора жабдықтарын жалау сияқты жағымсыз қылық көрсетеді . Ойын материалдары жас жануарлардың әл-ауқатын жақсартады және қылық-әрекетіндегі ауытқуларын азайтуы мүмкін.

Камералардың көмегімен жануарларды бақылау аясында бұзаулар сүтпен азықтандыру кезеңінде аптасына бірнеше рет бейнеге түсірілді. Эксперимент барысында ойын материалдарын пайдалану, азықтану мен су ішу кезіндегі белсенділік, сондай-ақ әлеуметтік қылықтар және қылық-әрекетіндегі ауытқулар бақыланды.

Іші шөпке толған доп жануарлар үшін ең тартымды ойыншық болып шықты, өйткені онымен ойнау барысында сапалы шөп жеу мүмкіндігі оларда жақсы әсер қалыптастырды, ал қарағай бұтақтары екінші орынға ие болды. Кірпі түріндегі емізік жануарларды қызықтырмады, өйткені ол жеуге келмейтін материалдан жасалған.

Ойын материалдары қолданылған тәжірибелік топтың бұзаулары жем-шөп пен суды жиі тұтынған, ал басқа бұзаулардың желін аймағына жанасу жиілігі бақылау тобына қарағанда 10 есе аз болған. Сол сияқты, қора жабдықтарының бөлшектерін жалау жиілігі бақылау тобына қарағанда 50% аз болды.

Бұл тәсіл қосымша жұмыс талап етсе де, бұзаулардың жақсы өсуіне ықпал етеді, шығындар артығымен өтеледі. Көбінесе кейін өкінішті болатыны, желін зақымдалуы, дүрыс қалыптаспауы, төрт емшектің орнына үш қана емшек саууға жарамды болып, соның салдарынан сүттің аз болатындығы.

Ойын материалдарын пайдалану жануарлардың денсаулығы мен өсуін жақсартуға, демек, бұзау ұстау тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Уве Веддиге

Фото: Ойын материалдары — бұзауларға тиісті орта қалыптастырудың тиімді құралы. © Weddige

20 11, 2025

Кетоз болса не істеу керек?

2025-11-20T08:05:07+00:0020. ноября 2025|

Әрбір малшы аурудың белгілерін біледі: сиыр әлсіз болады, мүлдем азық жемейді, ашбүйір бос, месқарың моторикасы төмен болады. Температура жоғары болуы мүмкін, бірақ төмен болуы да мүмкін. Бірмезгілді метрит кезінде әрдайым дерлік жоғары температура байқалады.

Бұл ауру қандағы кальций мен фосфордың аздығының салдары болып табылады. Қандағы кетон денелерінің мөлшері көтеріледі, кейбір жағдайларда 5,0 ммоль/л-ден жоғары болып кетеді, қалыпты көрсеткіші 1,2 ммоль/л дейін болуы керек.

Кетоз тестi бұзаулағаннан кейiнгi 10-шы және 20-шы күнi стандартты шара болып саналады:

  • 1 литр қанда 1,2 ммольға дейінгі көрсеткіші қалыпты болып саналады.
  • 1,2 ммоль/л — 2,5 ммоль/л дейінгі көрсеткіш субклиникалық аурудың көрінісі болып табылады. Бұл жағдайда пропиленгликоль немесе энергетикалық болюс беру жеткілікті.
  • Көрсеткіш 2,5 ммоль/л жоғары болса дереу шара қолдану керек. Глюкоза инфузиясын міндетті түрде жасау қажет, көбінесе қосымша ауырсынуды басатын дәрілерді беру керек. Сонымен қатар, бастапқы ауруды анықтап, емдеу қажет.

Алдын алу: жануарлардың бұзаулау кезінде оңтайлы физикалық формада болуы маңызды. Ауруға бейім сиырларға дайындық кезеңінде-ақ күніне 150-ден 250 мл-ге дейін пропиленгликоль беру керек.

Кетоз тесті — жаңадан сүт бере бастаған сиырларды бақылаудың маңызды шараларының бірі. Сенімді нәтиже алу үшін әрдайым әр малды қатарынан бірнеше рет тест арқылы тексеру керек.

Уве Веддиге

Фото: Кетозды анықтайтын экспресс-тест арқылы құйрықтың жоғары жағындағы тамырынан алынатын қанды бірнеше рет тексеру ұсынылады. © KFM

18 11, 2025

Бұзауларды қыстан аман алып шығу

2025-11-19T01:52:00+00:0018. ноября 2025|

Әсіресе суық және ылғалды айларда бұзаулардың алғашқы күндеріндегі денсаулығы ойластырылған менеджментке көп байланысты. Жануарлардың денсаулығы мен төзімділігінің негізі болып табылатын келесі сегіз шараға назар аударыңыздар.

  1. Алғашқы сәттен бастап жылы ұстау: туылғаннан кейін бұзауды дереу және мұқият құрғатып, жылытқыш камерасын пайдалану арқылы бұзауға уызды ішу және сіңіру үшін қажетті энергия жоғалмауына жағдай жасалады.
  2. Иммундық жүйені нығайту: әсіресе қыста бактериялық жүктеме жоғары болған кезде жаңа туған бұзаулардың диареяның типтік қоздырғыштарына қарсы тұра алатын сенімді иммундық қорғанысы маңызды. Мұндай қорғауды қамтамасыз етудің ең тиімді жолы — аналық сиыр уызы. Уыздың сапасын мақсатты түрде сиырды төлдер алдында вакцинациялау арқылы жақсартуға болады.
  3. Уыз қорын жинап қойыңыздар: қыста уыздың сапасы айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Жоғары сапалы мұздатылған уыз қоры (> 25% BRIX) әрбір жаңа туған бұзаудың оңтайлы азықтандырылуын қамтамасыз етеді, тіпті анасынан жеткілікті мөлшерде немесе жоғары сапалы уыз ала алмасақ да.
  1. Қажетті энергиямен қамтамасыз етіңіздер: суықта энергия қоры айтарлықтай азаяды. Қысқы суықта бұзаудың тіршілік әрекетін сақтау үшін қажет болатын энергия мөлшері 20% — ға дейін артады. Сүт алмастырғыштың концентрациясын 20%-ға арттырыңыз. 40 ° C-қа дейін жылытып берілетін су бұзаудың энергетикалық теңгеріміне деген қосымша жүктемені азайтады.
  2. Қосымша азық туралы ұмытпаңыздар: бұзауларға арналған балғын мюсли немесе бұзауларға арналған TMR өмірінің 3-ші күнінен бастап месқарынның ерте дамуын ынталандырады.
  3. Микробтардың таралуына жол бермеңіздер: шелектер, емізіктер мен астауларды күн сайын тазалау керек. Бұзау жататын иглустарды немесе бокстарды пайдаланғаннан кейін мұқият тазалап, дезинфекциялау керек.

Ескерту: суықта кейбір дезинфекциялық заттардың тиімділігі төмендейді.

  1. Ауруларды уақытында анықтаңыздар: жүріс-тұрысындағы өзгерістерге, диареяның басталуына немесе респираторлық аурулардың алғашқы белгілеріне назар аударыңыздар. Ауруды неғұрлым ерте анықтасаңыз, соғұрлым тез және тиімді шаралар қабылдай аласыз.
  2. Тиімді микроклимат құруға тырысыңыздар: қалың құрғақ сабан төсеніші астыдан келетін суықтан қорғайды, бұзау жатқан жерді суық желден қорғаңыз. 5 °C-тан төмен температурада бұзауларға арналған көрпешелер жылу шығынын азайтатын және энергия балансын сақтайтын тиімді құрал.

Сондай-ақ, KFM жобасының «Бұзауларға арналған төсеніш қалындығын бағалау» және «Бұзауларды қыста өсіру» атты тегін жадынамаларын оқыңыздар.

Уве Веддиге

Фото: © KFM

13 11, 2025

Бұзаулар жөтелсе не істеу керек?

2025-11-13T04:34:41+00:0013. ноября 2025|

Көптеген басқа аурулар сияқты, ұзақ мерзімді салдардың алдын алу үшін оны дер кезінде анықтау маңызды. Жалғыз бір жануардың алғашқы жөтелінің өзіне назар аударып,  дереу себебін қарастыру керек.

Бұзау минутына 50 реттен жиі тыныс ала ма? Ол ентігіп дем ала ма, әлде демі қысылып жатыр ма? Жөтелі ылғалды ма, құрғақ па?

  • Тыныс алудың жиілеуі бұзаудың өкпесі ауратынын көрсетеді. Бірақ ауа райына байланысты ыстық күндері жылулық стресс кезінде де тыныс алуы жиілеуі мүмкін.
  • Егер мұрын астында бұлдыр, қоймалжың бөлінділер көрінсе, онда бұзаудың ауру екені анық. Сау жануарлар мұрынын тілімен өздері тазартады.
  • Тік ішектегі температура 39,5 °C-тан жоғары болса, ыстығы көтерілгенін білдіреді. Сенімді нәтиже алу үшін градусникті тік ішектің шырынды қабатына тиіп тұратындай салыңыз.
  • Бұзаудың кеңірдегін тыңдағаннан кейін стетоскопты жауырынның артына қойыңыз. Әдетте бұл жерде дем алу айтарлықтай анық естіледі, бірақ кеңірдекпен салыстырғанда ол әлсіздеу, ал дем шығару дыбыссыз дерлік. Соңында қабырғалардың көлденең өсінділерінің астынан тыңдайды. Бұл жерде тыныс алу тек болар-болмас естілуі керек. Егер сол жерде әлі де дем алу және дем шығару естілсе, бұл өкпе инфекциясының болуын анық көрсетеді.

Жөтелген кез келген бұзауды антибиотиктермен емдеу қажет емес, оның орнына қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және қақырық түсіретін дәрі беруге болады. Ал бұзаулардың қызуы көтеріліп, әлсірегенде антибиотиктермен емдеген жөн. Емделіп жатқан бұзаулар міндетті түрде құрғақ және жылы жерде ұсталып, азықпен, сумен және ірі азықтармен үнемі қамтамасыз етілуі керек.

Егер бұзаулардың жөтелі күнделікті көрініс болса, алдын алу шараларын тексеру қажет:

  • Бұзауларға өмірінің алғашқы төрт сағатында жеткілікті мөлшерде және сапалы уыз беріле ме?
  • Алғашқы күтімнен кейін бұзаулар жел өтпейтін таза және құрғақ жерге орналастырылады ма?
  • Вакциналар кешенді қорғауды қамтамасыз етеді және өмірдің 2-ші аптасынан 4-ші аптасына дейін енгізілуі мүмкін.
  • Егер жатқан бұзаудың биіктігінде аммиак иісі сезілсе, көңді жиі жинау керек.
  • Топтан топқа тек қана сау бұзаулар ауыстырылуы керек, егу мерзімі мен рацион өзгерту кезінде одан бас тарту керек.

Уве Веддиге

Фото: © KFM

11 11, 2025

«Субклиникалық мастит» дегеніміз не?

2025-11-11T05:15:12+00:0011. ноября 2025|

Субклиникалық мастит — бұл көзге көрінбейтін желіннің қабынуы, оның барысында сиырдың сүті мен жүріп-тұруында ешқандай ауытқулар байқалмайды. Дегенмен, субклиникалық маститті дер кезінде анықтау өте маңызды, өйткені маститтің бұл түрі сүт сапасын нашарлатады және сиырдың сүт өнімділігін төмендетеді.

Субклиникалық қабынуды, әдетте, бактериялар тудырады, олар емшек өзегі арқылы желінге түседі. Бұл бактериялар басқа сиырдың желінінен, сауыншы немесе сауын аппараты арқылы, сондай-ақ қоршаған ортадан таралуы мүмкін.

Субклиникалық мастит болғанда сүтте соматикалық жасушалар көбееді, олар енген бактерияларды жоюға тырысады. Бұл процесс көзге көрінбейді, бірақ оны калифорния тесті арқылы анықтауға болады. Ол үшін KFM жобасының «Калифорния тесті» атты жаднамасын оқыңыздар.

Нақты шекті мәні туралы пікірлер әртүрлі болғанымен, субклиникалық маститтің халықаралық мойындалған көрсеткіші: 1 мл сүтте  200 000-нан астам соматикалық жасушалар саны.

Қазіргі заманғы сауу залдары мен автоматты сауу жүйелері әр сиырдың соматикалық жасушалар санын үнемі өлшеп отырады. Субклиникалық маститтің пайда болуының алдын алу үшін сауу технологиясын, гигиенаны сақтау керек және сауу техникасы ақаусыз жұмыс істеп тұруы қажет.

Субклиникалық маститті емдеу барысында суалту кезінде қолданылатын антибиотик және емшек каналына салынатын герметик пайдалы болады. Қосымша ақпарат алу үшін KFM жобасының тегін ақпараттық жадынамаларын оқыңыздар “Cиырларды дұрыс суалту” және “Суалтуға арналған антибиотикті дұрыс пайдалану”.

Уве Веддиге

Фото: © KFM

Go to Top