About kfm

This author has not yet filled in any details.
So far kfm has created 260 blog entries.
9 11, 2020

Тұяқтардың саулығы — сиырлар денсаулығының негізі

2020-11-09T06:27:02+00:009. ноября 2020|

2019-2023 жылдарға жоспарланған Қазақстан-Герман екіжақты «Қазақстанда сүтті мал шаруашылығын тұрақты дамыту мақсатында өндірістік құзыреттілікті арттыру жөніндегі кооперациялық жобаны» (бұдан әрі – KFM) іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 23 қазанда «Сергей» ШҚ базасында «Сауын сиырларының тұяқтарына функционалдық күтім жасау «тақырыбы бойынша практикалық сабақтарға негізделген семинар өткізілді.

«Сергей» ШҚ Евгеньевка ауылында орналасқан және Павлодар облысынан KFM-жобасына қатысатын төрт пилоттық шаруашылықтың бірі болып табылады.

Семинардың теориялық бөлімін Торайғыров атындағы университеттің «Агроинновация және биотехнология» ҒЗИ директоры Кайрола Ахажанов жүргізді, оның ассистенті Азат Садықалиев болды. Семинар барысында туындаған ветеринария мәселелері бойынша ақпараттық қолдауды д-р Бауыржан Құрманов көрсетті.

Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына осы аймақта KFM-жобасының басталуына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. «Сергей» ШҚ басшысы Виктор Рямбов мырзаға жобаға қатысуға үлкен қызығушылық танытқаны және семинар өткізу үшін өндірістік алаң ұсынғаны үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Осы шаруашылық мамандарының, атап айтқанда менеджер Марс Жұмағелдинов мырзаның, ветеринарлар Таңсұлу Айтжанова ханымның және Ержан Малик мырзаның, сондай-ақ 2017 жылы Германиядан келген маман Холгер Пловка мырзаның тұяқтарды өңдеу және күту бойынша тренингтеріне қатысқан Владимир Бочкарев мырзаның үлкен қызығушылығын және белсенді қатысуын атап өткім келеді. Семинарда ол өзінің практикалық тәжірибесін көрсетіп жұмысты оңтайландыру, жоспарлау және емдеу мәселелеріне қызығушылық танытты.

Іс-шараға «Ertis» жоғары Инновациялық аграрлық колледжінің оқытушылары Асқар Тілеуленов мырза мен Гүлнар Мұсаева ханым қатысты. Бұл оқу орны ауыл шаруашылығы саласы үшін жақсы мамандар дайындауымен танымал, оның ішінде малшылар мен ветеринарлар, олардың көпшілігі аймақтың кәсіпорындарында жұмыс істейді.

Өткізілген семинар сүт өндірісі мамандарының білімін таратуға, оларды фермерлердің жас буынына үйретуге және KFM-жобасымен ынтымақтастықты жалпы нығайтуға ықпал етеді деп үміттенеміз.

Әділ Рахимов, PhD

23 09, 2020

COVID19: ірі қара мал адамдар үшін инфекция көзі болмауы мүмкін

2020-09-23T09:08:18+01:0023. сентября 2020|

Ірі қара мал, тауықтар мен шошқалар сияқты, коронавирусқа аздап қана сезімтал. Мұны әлемдегі алғашқы зерттеуде Римс аралындағы Фридрих Леффлер институты (FLI) ашты. Коронавирустық пандемия жағдайында FLI әртүрлі ауылшаруашылық жануарларының ықтимал рөлін зерттейді. Осы зерттеу барысында ғалымдар мұрынның шырышты қабаты арқылы алты бас ірі қара малға коронавирус жұқтырды.

Бұған дейін Фридрих Леффлер институты шошқалар, тауықтар және гвиней шошқаларымен зерттеу жүргізіп, вирустың репликациясын анықтай алмады. Алайда, ірі қара малда алты жануардың екеуінде вирустың төмен репликациясы анықталды. Сонымен қатар, инфекция жұқтырған жануарлар вирусқа қарсы антиденелер шығарды. Қалған төрт жануар мен үш контактілі жануарларға вирус жұқпады. FLI мәліметтері бойынша, нәтижелер ірі қара мал SARS-CoV-2-ге аз ғана сезімтал және вирусты жұқтырмайтындығын көрсетеді. Ірі қара мал вирустың таралуында маңызды рөл атқармайды және адамдар үшін инфекция көзі емес. Бүгінгі таңда әлемде ірі қара малда SARS-CoV-2 расталған жағдайлары жоқ.

Фридрих Леффлер институты қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуде. Күзендерге өткізілген эксперименттер вакцинаның көмегімен ұзақ мерзімді иммунитеттің қалыптасуына қол жеткізуге болатындығын көрсетуі керек.

17 09, 2020

Біздің мекенжайымыз өзгерді!

2020-09-17T09:24:42+01:0017. сентября 2020|

Құрметті достар және әріптестер!

Біздің серіктесіміз «Мал шаруашылығ ғылыми-инновациялық орталығы» қайта ұйымдастырулуына байланысты біздің кеңсе Кенесары көшесі, 40 мекенжайы бойынша «7- Континент» бизнес-орталығына көшті. Біздің кеңсе Ірі қара малдың сүтті және аралас тұқымдарының республикалық палатасымен және Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты мен бір ғимаратта орналасқан. Біз осындай кәсіби көршілікке қуаныштымыз және жаңа кеңседе жұмысымыз жемісті болады деп үміттенеміз

7 07, 2020

Ақпараттық бюллетень өте жақсы қабылданды

2020-07-07T08:44:00+01:007. июля 2020|

Бюллетеньнің бірінші шығарылымы 9 маусымда жарияланғанда оған 100-ге жуық оқырман тіркелді. Осы уақытқа дейін біз оны тек қана абоненттерге жібере алатынбыз.

Жоба ұжымы тағы да көптеген ақпарат пен фотосуреттерді іріктеумен,өңдеумен айналысты және олардың негізінде біздің оқырмандарымыз үшін құнды ұсыныстары бар жақсы мақалалар дайындады.

Шілде айының шығарылымында біз жем-шөп жинау мен консервілеу бойынша көптеген кеңестер береміз және жоғары температура кезінде де сиырлардың жем-шөпті көп мөлшерде тұтынуына қалай әсер етуге және сол арқылы олардың денсаулығын қалай сақтауға болады деген мәселені қарастырамыз. Сау сиырлар — сүт өндіру өнімділігінің негізі. Сондықтан біз жыл сайын жазда мал денсаулығына байланысты мәселелерді фермерлер қалай шешетінін түсіндіреміз. Біз сондай-ақ жайылымдардағы құдықтар мен ұңғымалар құрылысын қолдау бойынша тартымды бағдарлама туралы хабарлаймыз.

KFM ақпараттық бюллетені әрқашан айдың бірінші аптасының басында жарияланады. Егер сіз әлі тіркелмеген болсаңыз және келесі шығарылымдарды алғыңыз келсе, осында тіркеліңіз.

18 06, 2020

Пилоттық фермаларды іріктеу жұмыстары алға басуда

2020-06-18T18:20:29+01:0018. июня 2020|

Пилоттық фермаларға бару және іріктеу мақсатында сапарлар сәтті өтуде. Сарапшылар қазірдің өзінде қырыққа жуық үміткердің жартысынан астамында болды.

Уве Веддиге бастаған ұжым қазір Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша фермалар басшыларымен және менеджерлерімен олардың жоспарлары мен мақсаттары туралы сөйлесу мақсатымен сапарда жүр. Бұл кездесулердің нәтижелері Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі, мал шаруашылығының ғылыми-инновациялық орталығы (НИЦЖив), Республикалық ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдары палатасы, жоба ұжымы мен Федералдық ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі өкілдерінен тұратын жобаның тұрақты жұмыс тобының пилоттық фермаларды іріктеуіне негіз болып табылады.

Халықаралық және қазақстандық сарапшылар алдағы бірнеше жыл бойы іріктелген 15 сүт өндірушіге өндірістік процестерді кеңейту және оңтайландыруға инвестициялар бойынша, сондай-ақ  мамандар мен менеджерлердің біліктілігі бойынша қарқынды консалтинг ұсынады.

«Біз тек жеке аспектілер бойынша ақпарат жинаумен шектелмейміз, біз ферманы жем-шөп өндіруден бастап сиырлардың жайлылығы мен сүтті сатуға дейінгі барлық жағынан егжей-тегжейлі талдаймыз. Біз топырақты, суды, мал азығын, сүтті талдау үшін және ветеринарлық диагностика үшін заманауи әдістерді қолданамыз», — деп түсіндіреді Айнагуль Аяганова. «Сонымен қатар біздің ұжым маусымдық ақпараттық бюллетеньдер мен кітапшаларды жариялайды», — дейді жоба жетекшісінің орынбасары.

Covid-19 байланысты шектеулердің қолданылуы аяқталғаннан кейін сүт өндірісінің барлық салалары бойынша ауқымды тренингтер мен семинарлар жүргізілетін болады. Алғашқы тақырыптар желіннің саулығы, сондай-ақ желінге қауіпсіз болатын және гигиеналық талаптарға сәйкес сиыр сауу әдістері.

Айнагуль Аяганова, тел: +7 705 595 52 64

Фото: KFM

16 04, 2020

Неміс аграрлық орталығының директоры Олеся Кобзевамен сұхбат

2020-04-16T07:24:54+01:0016. апреля 2020|

Неміс аграрлық орталығы – бұл Германия мен Қазақстанның ауылшаруашылық министрлігі арасындағы ынтымақтастық жобасы. DEULA мектебінің жемісті бағдарламасын негізге ала отырып, Неміс аграрлық орталығы ауыл шаруашылығы саласындағы жетекшілер мен мамандардың біліктілігін жоғарылатудың кең ауқымды бағдарламасын ұсынады. Ұдайы жаңалық енгізе отырып, олар өндірістің жаңа әдістерін игеруге және қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалану кезінде сервистік қызметті үйренуге мүмкіндік береді. Неміс аграрлық орталығының директоры Олеся Кобзевамен өткен сұхбатты қараңыздар.

Видеоны көру үшін сілтемені басыңыз!

26 03, 2020

Болашақ пилоттық шаруашылықтарға бару

2020-03-26T12:39:23+00:0026. марта 2020|

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы 15 сүт фермері жоба бойынша қарқынды консультацияларға қатысуға мүмкіндік алады. Айнагүл Аяганова мен Адил Рахимов фермалардың 100-ге жуық жетекшісімен интервью жүргізді. Көп сұрақтардан тұратын сауалнаманың көмегімен 40 әсіресе мүдделі фермерлер анықталды. Келесі кезеңде екі қазақстандық сарапшы бұл фермаларға Уве Веддигемен бірге барады және фермалардың басшыларымен олардың мақсаттары, стратегиялары, мүмкіндіктері мен дамуын тежейтін факторлар туралы сөйлеседі. Сапардан кейін жобаның барлық серіктестерімен бірге пилоттық фермаларды іріктеу жүргізіледі.  Бұл жұмыс  жиналған  ауқымды деректер, құжаттама, сондай-ақ ашық көрсеткіштер негізінде жіргізіледі.

Келесі жылдары пилоттық шаруашылықтар халықаралық және қазақстандық сарапшылардан ауқымды жеке консалтингтік қызметтер алады. Осы қызметтердің өзегі дамуға инвестицияларды табысты іске асыру, өндірістік процестерді оңтайландыру және мамандар мен менеджерлердің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша консультация беру болады. «Барлық шаруашылықтар үшін біз жыл сайын әлсіз жерлер талдауын жүргіземіз және құрылыс пен техника, азықтандыру мен өсіру, малдардың денсаулығы мен жайлылығы, сондай — ақ басқа да көптеген тақырыптар бойынша кеңес беру қызметтерінің кең спектрін ұсынамыз», — деп түсіндірді Уве Веддиге. Сонымен қатар, кеңесшілер тобы ақпараттық бюллетеньдер мен маусымға сәйкес брошюраларды үнемі жариялауды жоспарлап отыр, ал кең ауқымды оқу курстары мен семинарлар қызметтер спектрін толықтыра түседі, деп қосты ұжымның 61 жасар жетекшісі.

Пилоттық фермалар инвестициялауға және өзгерістерге дайын болады деп күтілуде, әсіресе, олардың биологиялық және экономикалық деректердің есебін жүйелі түрде жүргізуге және оларды жүйелі талдау үшін ұсынуға дайын болуы маңызды. Шаруашылықтардың жоба ұжымына қатысты ашықтығы және фермада өткізілетін жобаның жұмыстары аясында ынтымақтастыққа, сонымен қатар жоба ұжымымен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын болулары келісімшартта бекітілетін болады.

Google картасы: KFM

20 03, 2020

CORONA — ауыл шаруашылығындағы биоқауіпсіздік

2020-03-20T05:05:02+00:0020. марта 2020|

Қазақстанда коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу қажет. «Сүт жобасы» ұжымы да осы іске өз үлесін қосқысы келеді. Сондықтан барлық әріптестер қашықтықтан жұмыс істейді. Біз сондай-ақ жоспарланған пилоттық фермаларға баруды белгісіз мерзімге кейінге қалдыруды шештік.

Коронавирус, бәлкім, біздің жұмысымызды біраз уақытқа кешіктіреді. Неміс сарапшылары адамдардың 60-70% вирусты жұқтырып алуы мүмкін деп санайды. Олардың көпшілігінде тек жеңіл суық тию белгілері болады немесе ешқандай симптомдар болмайды.

Мал шаруашылығындағы кәсіпорындар жұмысшылар болмай қалған  жағдайда малға қалай қарау әрекетін алдын ала қарастыруы керек. Осы уақытқа дейін ауылшаруашық жануарлары атиптік пневмонияны (SARS-CoV-2) жұқтырып алу мүмкіндігі дәлелденбеген.

Алайда, барлық сарапшылардың айтуынша, адамдарды бір-бірінен оқшаулау күдікті жағдайларда да және адамдармен қарым-қатынаста болған кезде де бірінші кезектегі міндет болып табылады. Барлық мекемелер вирус жұқтыру жағдайында тиісті ұйымдастыру шараларын қабылдауға және төтенше жағдайларда арнайы іс-қимыл жоспарын жасауға тиіс. Барлық қызметкерлер өздерінің жеке байланыстарын шектеуі керек.

Жалпы гигиена ережелерін сақтаған жағдайда сиыр қорасында немесе сиыр сауу залында малды вирустан қорғау үшін арнайы дезинфекциялық іс-шаралар талап етілмейді.

Коронавирус негізінен адамнан адамға ауалы-тамшылы жолмен, әсіресе тыныс алу жолдары арқылы тарайды. Сондай-ақ ауыздың немесе мұрынның шырышты қабығына және көздің конъюнктивасына қол тигенде жұқтыру мүмкін.

Сондықтан қолды мұқият жуу аса маңызды.

Сурет: top agrar

17 03, 2020

Аграрлық несие корпорациясының мамандары өндіріс экономикасы бойынша неміс сарапшысымен кездесті

2020-03-20T05:00:45+00:0017. марта 2020|

«Қазақстанда сүт өндірісінің тиімділігін қалай арттыруға болады?» Бұл мәселені Лейпцигттен келген неміс сарапшысы д-р Франк Везенбергпен (IAK Agrar Consulting GmbH) Аграрлық несие корпорациясының (АКК) басшылары, кеңесшілері, директорлары және жетекшілері талқылады.

Алдымен д-р Везенберг мал шаруашылығы кешендерін салу және қайта жаңарту  қаржыландырудың маңызды негізі болып келетінін айтты. Ғимараттар мен техникалық жарақтандыруға қажетті шығыстар өте сирек жағдайларда иесінің өз қаражаты есебінен ғана қаржыландырылуы мүмкін, көптеген жағдайларда банктік қаржыландыру қажет. Неғұрлым ірі инвестицияларды дайындау әрқашан терең талдаудан және мақсатты тұжырымдаудан басталады, сондай-ақ қаржыландырудың ықтимал мүмкіндіктерін алдын ала нақтылау қажет. Алайда, инвестицияларды жоспарлау басталғанға дейін әрбір фермер сүт өндірісінің беліленген шекті шарттарымен жұмыс істейді. Сүттің базалық бағасының дамуы шешім қабылдаудың маңызды факторларының бірі болып табылады, бірақ бұл ретте ауыл шаруашылығы саясатының негізгі қағидаттарын де ескеру қажет.

Қазақстандық қатысушылар Еуропа Одағындағы негізінен инвестицияларды қолдау және  жер көлеміне байланысты берілетін субсидияларды қамтитын субсидиялау жүйесіне қызығушылығын білдірді. Ал Қазақстанда субсидиялар көбінесе өнімнің көлеміне қарай белгіленеді, сонымен қатар инвестицияларды қолдауға да арналады.

Жобада 15 пилоттық фермалардың басым бөлігі инвестиция жасағысы келеді. Жоба сарапшылары  пилоттық фермаларға қарқынды кеңес беруі үшін фермалар талдау және салыстыру жұмыстарын жүргізуге қажет болатын өзінің биологиялық және қаржылық көрсеткіштерін ұсынуға дайын болуы тиіс. Бастапқыда шаруашылықтарда деректерді жинау топтың қолдауымен жүргізілетін болады, бұл ретте жалпы көрсеткіштер жылына бір рет тапсырылады, кейінгі деректер ай сайын жиналады және талқыланады.

Кездесудің соңында доктор Франк Везенберг өзінің сапары кезінде қазақстандық жағдайларға бейімдеген, фермаларда тәжірибе жүзінде сынақтан өткізген сараптамалық бағдарламасын ұсынды. Жоба шеңберінде АКК консультанттары сүт өндірісіне инвестицияларды сүйемелдеу үшін олардың консалтингтік құзыретін жетілдіру мақсатында өндірістік-экономикалық көрсеткіштерді бағалауды және талдауды үйренуі тиіс.

Фото: KFM

13 03, 2020

Кадрлардың жетіспеушілігі сүт өндірісінің дамуын тежейді

2020-03-16T11:06:26+00:0013. марта 2020|

Ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының Республикалық палатасы мен «Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру» жобасы арасындағы бірінші кездесуде Палатаның атқарушы директоры Елемесов Көпмағамбет Елемесұлы мен менеджері Руслан Бекішев жоба өкілдері Айнагүл Аяганова және Уве Веддигемен жобаның мақсаты мен ағымдағы жағдайын, сондай-ақ ағымдағы жылдың іс-шараларын талқылады.
Руслан Бекишев біліктілікті арттыру үшін мамандарға арналған жүйелі ақпараттық сапарлардың маңыздылығын атап өтті:»Тек ферманы өз көзіңізбен көріп, сіз ол жерде жұмыс қалай орындалатынын және мал үшін қаншама жұмыс атқарылатының түсіне аласыз». Мал шаруашылығы жөніндегі сарапшы өзіне сапар кезінде көрген Гессендегі күрделі басқару мен заманауи технологиялар арқылы көптеген жұмыс процестерін автоматтандыра алған ферма ерекше ұнағанын айтты.
Елемесов Көпмағамбет Елемесұлының пікірі бойынша қазақстандық фермерлерге өндіріс туралы білім жетіспейді. Түйе және қой шаруашылығына қарағанда Қазақстанның сүт мал шаруашылығында тәжірибесі аз, алғашқы сүт кешендері тек 1990 жылдары ғана пайда болған. «Сүт сауымы өте баяу өсуде, алайда бұл секторға инвестиция көп құйылады», — деп жалғастырды атқарушы директор. Оның айтуынша, сүт өндіру үшін ең үлкен кедергі тек өндірістік білімның жетіспеуі ғана емес, сонымен қатар елдің урбанизациясына байланысты кадрлардың жетіспеушілігі, сондай-ақ ферма басшыларының басқарушылық дағдыларының жоқтығы болды.
Веддигенің айтуынша, сүт жобасы кадрлардың жетіспеушілігін толтыра алмайды, бірақ фермалардағы мамандар мен басшылардың біліктілігін арттыру тек сүттің сауымына ғана емес, сонымен қатар тартымды жұмыс орындарын құруға алып келеді. «Дегенмен, фермалар басшылары қызметкерлерді табу, ұстау және тарту үшін көшбасшылық қасиеттерін дамытуы тиіс», — деп түсіндірді жоба жетекшісі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында мал басының мөлшері 50-ден 400 басқа дейін 15 пилоттық ферма іріктеп алынған соң жоба келесі фазаға енеді. Неміс сарапшылары әр шаруашылық үшін жеке кеңес тұжырымдамасын дайындайды. Бұл әр шаруашылықтың мақсаттары және сонымен байланысты даму стратегиясы бойынша жасалады. Негізгі назар ферманың күшті және әлсіз жақтарын талдаудың кең спектріне бөлінеді. Осы негізде жоба ұжымы тиісті іске асыру кестесі бар іс-шаралар каталогын әзірлейді.
Кеңес беру жұмыстарымен бірге білім беру мен оқытудың қажеттілігін анықтау және тиісті іс-шараларды жоспарлау маңызды. Олар сауу негіздерінен бастап, стандартты операциялық рәсімдер, өндірістің экономикасын талдауға дейін тақырыптарды қамтиды. «Оқу курстары барлық сүт өндірушілер үшін ашық және тегін», — деді Айнагүл Аяганова.
Техникалық консультанттарды оқытудың және даярлаудың арнайы курстары бойынша ұсыныс жылдың ортасына қарай консультациялық қызмет көрсететін ұжымдардың қажеттіліктерін жан-жақты талдау негізінде әзірленетін болады. Елемесов Көпмағамбет Елемесұлы бұл ақпаратты ризашылықпен қабылдады. «Біздің кеңесшілеріміз әрдайым білім алуға дайын», — деп ол палатаның ондай шараларға міндетті түрде қатысатынын айтты.
Кездесу соңында палата өкілдері 20 наурызда Айнагүл Аяганова және Уве Веддиге қауымдастықтың жалпы жиналысында «Қазақстанда сүт саласындағы біліктілікті арттыру» атты жобаның мазмұны мен ұсыныстарын таныстырады деп келісті.

Фото: KFM

Суретте: (солдан оңға қарай) Айнагуль Аяганова, Көпмағамбет Елемесұлы Елемесов, Уве Веддиге және Руслан Бекишев.

 

 

Go to Top