About kfm

This author has not yet filled in any details.
So far kfm has created 260 blog entries.
15 09, 2022

Бұзау қорасындағы жасанды интеллект?

2022-09-15T07:38:34+01:0015. сентября 2022|

Бұзаулардағы тыныс алу аурулары үлкен проблема болып табылады. Сіз әрқашан жеке жануарлардың жөтелгенін естисіз, жөтелетін жануарларды анықтап табу көп уақыт алады және көбінесе сәттілік мәселесі болып табылады. Сонымен қатар, қасында адамдар болған кезде бұзаулардың әрекеті өзгеше болады.

Boehringer Ingelheim өндірушісінің SoundTalks® бақылау жүйесі, керісінше, жануарлардың тыныс алу жолдарының денсаулығын тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн талдайды. Сонымен қатар, ол температура мен ылғалдылық сияқты қорадағы климат деректерін тіркейді.

Осылайша жасанды интеллектке негізделген ерте ескерту жүйесі тыныс алу жолдарының жөтел ауруларын жануарларды әдеттегі тексерумен салыстырғанда 5 күн бұрын анықтайды. Осылайша бұл жүйе емдеуді жануарлардың ауруы асқынбас бұрын бастауға мүмкіндік береді.

Шошқа өсіру секторы үшін бұл технология өте қолайлы, сенімді және орнатуы да оңай. Мониторинг жүйесі микрофондары бар мониторлардан және температура мен ылғалдылық датчиктерінен тұрады. Ол барлық деректерді тәулік бойы жазып, бағалайды. Айналадағы шу іріктеледіі, бірақ шошқалардың жөтелуі дабыл тудырады.

Жүйе ескертулерді бір жағынан тікелей қорадағы мониторда, аурып қалған шошқалардың үстінде жарықдиодты индикатормен, сондай-ақ смартфондағы қосымша арқылы көрсетеді.

Бұл жүйе жақын арада бұзау қорасында да қолданылады деп сенуге болады.

Уве Веддиге (дереккөз: Boehringer Ingelheim Vetmedica)

12 09, 2022

Жасуша негізіндегі сүт: тренд немесе нонсенс?

2022-09-12T08:34:19+01:0012. сентября 2022|

Сүт саумай ақ зертханада өндірілетін сүт – бұл израильдік Remilk компаниясының идеясы. Ашыту процесінің барысында дәмі мен функциясы бойынша қарапайым сиыр сүтінен айырмасы жоқ өнімдер шығаруға болады.

Зертханада сиыр сүтіне балама дәлденген ашыту арқылы жасалады. Бұл процесте микроорганизмдердің көмегімен жануарлардың табиғи молекулаларына ұқсас молекулалар шығаруға болады. Енді осы мақсаттар үшін Данияның Калундборг қаласында әлемдегі ең үлкен осындай нысан салынады.

“Қарапайым сөзбен айтқанда, біз сиырлардың сүт ақуызын өндіруге жауап беретін генын ашытқыға саламыз. Содан кейін біз бұл ашытқыны ферментаторларға саламыз, онда олар көбейіп, кәдімгі сүт ақуыздарын шығарады. Пайдалы дәрумендермен, минералдармен, маймен және малдан алынатын емес қантпен бірге сіз елестете алатын кез келген сүт өнімі жасалады”, – деп уәде береді Ремилк өз сайтында.

Жаңа алаңда компания жылына 50 000 сиыр өніміне тең мөлшерде ірімшік, йогурт және балмұздақ сияқты өнімдерде пайдаланатын ақуыз шығаруды жоспарлап отыр. Соңғы нәтиже 100 пайыз “нағыз” сүтке ұқсайды, бірақ лактоза, холестерин және антибиотиктер жоқ, деп атап өтті компанияның негізін қалаушы және бас директор Авив Вольф The Times of Israel газетіне берген сұхбатында.

Вольф өз мәлімдемесінде Remilk компаниясы “біздің сүт өнеркәсібімізді ыңғайлы және тұрақты түрде қайта қарастыруға тырысады”деп атап өтті. Азық – түлік жүйесіне жануарлардың керектігін жою-бұл біздің әлемнің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін оны бұзбай қанағаттандырудың жалғыз тәсілі. Біз нәрлі, дәмді және қол жетімді сүт өнімдерін шығару және сиырларды мерзімінен бұрын зейнетке шығару үшін өндірістік қуатымызды едәуір кеңейтуге ниеттіміз”.

2022 жылдың қаңтарында компания Нью-Йорк пен Тель-Авивтің венчурлық қоры Hanaco Ventures басқаратын қаржыландыру кезеңінде 120 миллион доллар жинады. Бұған дейін стартапқа израильдік Tara сүт компаниясы және Тempo сусын өндірушісі, сондай-ақ басқа да инвесторлар инвестиция салған.

Уве Веддиге (дереккөз: The Times of Israel)

График: Weddige

9 09, 2022

Уыздың жоғары сапасын қамтамасыз ету

2022-09-09T04:51:56+01:009. сентября 2022|

Табиғи уыз жаңа туған бұзауларға иммунитетті пассивті түрде берілуінің тамаша тәсілі. Бірақ ол әрқашан сапалық талаптарға сай бола бермейді.

Dairy Calf and Heifer Association бірлестігі  жыл сайын өтетін  конференциясында осы жылы Адам Гейгер мен Дэйв Кук уызбен азықтандырудың “гибридті процесі” туралы тақырып қозғады.

Кук сапаны бағалау үшін уыздың әр партиясын рефрактометрмен тексеруді ұсынды. БРИКС > 24 көрсеткіштері құрамында 50 г/л-ден астам иммуноглобулин-G (IgG) бар уыздың тамаша сапасын көрсетеді, оны кемінде 4 литр мөлшерінде беру керек. Алайда, егер БРИКС мәні тек 18-ден 24-ке дейін болса, уызды байыту пайдалы болатынын ол өзінің тәжірибесінде анықтаған. Бұл 50 грамм IgG-ді жоғары сапалы уыз ұнтақты алмастырғыш ретінде қосу арқылы жасалады.

Ұнтақ тікелей уызда 37°C температурасында су қоспай араластырылады. Уыз жаңа немесе пастерленген болуы мүмкін.

Екі спикер де бұзауды антиденелермен жақсы қамтамасыз етуге және аналық уызды техникалық негізде толық ауыстырумен салыстырғанда айтарлықтай үнемдеуге байланысты уыздың осындай жаңартылудағы артықшылығын атап өтті.

Уве Веддиге (дерек көзі: https://www.dairyherd.com)

22 08, 2022

Өңдеу құралдарын пайдаланбаса бола ма?

2022-08-22T08:46:23+01:0022. августа 2022|

Қызыл, жасыл, көк : желінді өңдеуге арналған өнімдердің сұрыпталымы шексіз. Жоғары сапалы өнімдердің желіннің денсаулығына оң әсері даусыз, бірақ оларды пайдалану шығындары да айтарлықтай.

Сауудан кейін емізіктерді арнайы ерітіндіге батыру маститтің алдын-алудың танымал шарасы болып табылады. Алайда, ол бұрыннан бар желін инфекцияларына емдік әсер етпейді. Үнемі соматикалық жасушалары көп болатын фермалар тек желіні сауудан соң батыратын ерітіндіні қолдана отырып, желін денсаулығына қатысты мәселелерді шеше алмайды.

Емізікті батыратын ерітінді қорадағы таза орта, өнімділікке бағытталған азықтандыру, суалма процесін ұтымды басқару, сауу жабдықтарын оңтайлы пайдалану, емізіктердің жақсы жағдайы және сауу процесіндегі жақсы гигиена сияқты алдын-алу стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Желіннің терісіне тазарту, сауу процесінің өзі, сондай-ақ суық, жел, күн сәулесі немесе ұсақ қоқыс материалдары сияқты сыртқы қоршаған орта қатты әсер етеді: тері жарылып, өте құрғак болады. Нәтижесінде мастит қоздырғыштары емізік каналына оңай енеді. Сонымен қатар, сауғаннан кейін емізік арнасы толығымен жабылуы үшін 30 минутқа дейін уақыт кетеді. Бұл уақытта қоздырғыштар емізікке еніп, қабынуды тудыруы мүмкін.

Дезинфекциялық компоненттер ретінде йод немесе органикалық қышқылдары бар құралдар тиімді, әсері кең және тұрақты болып саналады. Глицерин, ланолин немесе аллантоин сияқты күтім компоненттері бар емізікті батыру құралдары ғана өз міндеттерін толығымен орындайды.

Аса сақ болыңыз: емізіктің кем дегенде 2/3 бөлігін ерітіндіге батыру керек, емізіктің ұшында тамшы пайда болған жөн. Препарат бірнеше минут ішінде әсер етуі керек; нәжіс, зәр немесе сүт оның әсерін нашарлатады. Препарат әрдайым сауу аппаратын алып тастағаннан кейін қолданылады. Бұл уақытта емізік каналы әлі де ашық, ал батыру құралы сол жерге еніп, микробтарды өлтіруі мүмкін.

Емізікті арнайы стаканға батыру әдісінде тұтқыр тосқауылды құралдар қолданылады. Жоғары сапалы өнімдерді пайдаланса патогендер таралмайды. Қажетті шарт- ерітіндінің стаканның жоғарғы жағынан ыдысқа кері ағып кетуіне жол бермейтін кері клапаны бар стаканды қолдану. Сонда контейнерді басқан кезде жаңа ерітінді әрқашан жоғары көтерілетін болады. Әрине, бұл стакандарды күн сайын жуу керек.

Уве Веддиге

18 08, 2022

Кенелердің әсерінен сүт өнімділігі төмендейді!

2022-08-18T05:13:23+01:0018. августа 2022|

Кішкентай өрмекшітәрізділер -бұл ірі қара малдың тұрақты серіктері, бірақ олар мал ұстау мен азықтандыруда кемшіліктер болса ғана белсенділік танытады. Олар ірі қара малдың денесіндегі заттармен қоректенеді. Олар негізі жануардың үстіне жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Жұмыртқадан толық жетілген кенеге дейінгі даму шамамен екі-үш аптаға созылады.

Түрлерге байланысты олар тіпті малсыз 70 күнге дейін өмір сүре алады. Олар кедір-бұдырлы жерлер мен сиыр щеткаларын паналап жүреді, қараңғы, ультракүлгін сәулесі жоқ қоралар олардың өмір сүруіне жағымды ықпал етеді, сондықтан қыста олар аса белсенді болады.

Типтік белгілер – бұл жүннің түсуі, көбінесе оған қышу да қосылады, сонымен қатар терінің қабыршықтанып жолақ тәрізді қалыңдауы. Ең алдымен, көбінесе бас, мойын, желке және құйрық пен сегізкөз айналасына әсер етеді. Зақымдалған терінің бактерияларға толыу және қажалуы іріңді және қансырайтын жаралардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұдан жануарлар ауырсынады, сондықтан ветеринар зардап шеккен жануарларды дереу емдеуі керек.

Кенелер сүт сиырларының өнімділігін күніне 2 литрден астам төмендетеді. Сондықтан олармен күресу экономикалық тұрғыдан да маңызды.

Жануарлардың әл-ауқатына байланысты факторлардан басқа, азықтандыру да жеке ірі қара малдың ауруларға қарсыласуына үлкен әсер етеді. Сондықтан аурудың алдын алу үшін қажетті жақсартуларды тез арада енгізу қажет. Егер ауру табынның 12% – ынан көп анықталса, бүкіл табынды емдеу ұсынылады.

Емдеу үшін тек акарицидтік әсері бар белсенді заттарды қолдануға болады. Шашыратып қолдану нәтижелі болады, әсіресе малдың артқы жағындағы қатпарларға. Қышыма кенесі мен қотыр кенесіне қарсы инъекциялық препараттар қолданған жақсырақ.

Уве Веддиге

17 08, 2022

Табын менеджерлері Хаус Дюссе орталығында

2022-08-17T05:48:12+01:0017. августа 2022|

Сүтті мал шаруашылығы бойынша неміс мамандары бір апта бойы қазақстандық мал дәрігерлері мен табын менеджерлерін оқытады.

Жақында KFM жобасының пилоттық шаруашылықтарының тоғыз қызметкері Германияға табын менеджерлері үшін қарқынды курсқа қатысу үшін аттанды. Бақдәулет Тұрсынбай (KFM) топты сапар бойы ертіп жүреді, Айгүл Леннарцпен (ADT) бірге ол Хаус-Дюссе деп аталатын Ауыл шаруашылық тәжірибе және оқыту орталығында қатысушылар мен жаттықтырушылар арасындағы қатысымды аударады.

Мал дәрігерлері мен табын менеджерлері ірі қара малдың генетикалық әлеуетін тани және қолдана білуі керек. Бұл ретте әрқашан малдың амандығы мен денсаулығын ескеру керек. Деректер мен негізгі көрсеткіштерге сүйенумен қатар табын менеджерлеріне көбінесе жануарларды жаттыққан көзбен бір қарап шығу жеткілікті болады. Алайда, көптеген фермаларда мал шаруашылығы мамандары қорадағы жануарлар мен процестерді ұйымдастырып, бақылап қана қоймайды, олар көбінесе әріптестерінің мәселелерімен айналысады. Мысалы, олар тапсырмаларды бөліп беруді және жұмыс жоспарларын құруды өз мойнына алады.

Хаус Дюссе орталығындағы оқу күні таңертең сиыр қораларын қарап шығудан басталады. Бұл ретте жануарлардың денсаулығы және ұрықтандыру қажеттілігі тексеріледі.

Күн барысында оқу бағдарламасында жануарлардың денсаулығы, дұрыс сауу, мал жатып-тұратын жердің күтімі, бұзау өсіру, азықтандыру және жануарлардың тұяқтарын күту сияқты тақырыптар бар. Сонымен қатар, қатысушылар жұмыс жоспарларын құруды және құжаттаманы жүргізуді, сондай-ақ күйлеу мерзімін анықтаудың заманауи әдістерін және басқа да басқару бағдарламаларын қолдануды үйренеді.

Тренингтің әр күні қалай басталды, солай аяқталады: бәрі бірге сиыр қораларды қарап шығады.

Уве Веддиге

12 08, 2022

Қорқыныш стресс тудырады!!

2022-08-12T06:04:17+01:0012. августа 2022|

Күнделікті консалтинг бойынша жұмыста көбінесе назар жануарларға аударылады, бұл белгілі жайт. Мен малшаруашылық фермасына барған кезде – Қазақстанда болсын, Германияда болсын – мен күнделікті жұмыс процестерінің егжей-тегжейіне дейін біліп алуға тырысамын. Мұның бәрі” бақылау және тіркеуден ” басталады, содан кейін талдау және бағалау үшін әрдайым табын менеджерімен әңгіме болады.

Сиыр қорадағы жұмысшылардың жануарлармен қалай әрекеттесетінін көру және есту қызықты әрі маңызды. Жануарлардың стресстік реакциялары қорқынышты білдіре ме, әлде олар “тыныш” тұра бере ме?

Жануарлар көбінесе адамды ықтимал қауіп ретінде қабылдайды, кейде олар оған мән бермейді және оған назар аудармайды. Қалай болғанда да, ол “азық құдайы” сияқты болып көрінеді және оны әлеуметтік серіктес ретінде де қабылдауға болады. Мен осының әр түрлі формадағы барлық варианттарын кездестіріп жүрмін.

Стресстік реакциялар өндірістің түпкі нәтижесіне нақты әсер етеді. Стресс сүт өнімділігін төмендетеді. Осыған жақсы мысал – бір фермадағы әр түрлі сауу бригадаларының арасындағы жалпы сауу уақыты мен жалпы сүт өнімділігі бойынша айырмашылық. Табын менеджерлері бұл әсерді біледі, бірақ көбінесе оның себебін түсіндіре алмайды.

Қорқыныш пен стресс жануарлардың теріс әрекетін тудырады, сиырлар бір орында тұрмайды, сүт бермейді-біз бұл жағдайларды бәріміз білеміз. Осының салдары қандай? Сауыншылардың шыдамы таусылып, адам мен жануар арасындағы қарым-қатынаста шырғалаң шеңбер пайда болады.

Қазіргі мал шаруашылығында адамдар мен жануарлар арасында ауыртпалық түсірмейтін байланыс жоқ деуге болады. Болғанның өзінде де мұйіз кесу, тұяқ күту және вакцинация сияқты шаралар жануардың ауырсынуын тудырады. Нәтижесінде жануарлар қорқыныш пен стрессті сезінеді, жағдайлары нашарланадыі, ал адамдар еңбек қауіпсіздігінің, тиімділіктің, кірістің және қанағаттанудың болмауынан зардап шегеді.

Бұл теріс шырғалаң шеңберді малға қарайтын адамдардың ішкі көзқарасын өзгерту арқылы ғана бұзуға болады. Егер адамдардың мінез-құлқы оң бағытта өзгерсе, онда уақыт өте келе жануарлардың мінез-құлқы да сол бағытта өзгереді.

Уве Веддиге

Фото: KFM

8 08, 2022

Сүт алмастырғышты дұрыс мөлшерлеу

2022-08-08T06:05:32+01:008. августа 2022|

Сүт алмастырғыштың күнделікті мөлшері күніне кемінде 1000 г болуы керек! Бірақ ұнтақтың мөлшері ғана емес, концентрациясы бұзаудың денсаулығы мен дамуына айтарлықтай әсер етеді. Қаймағы алынбаған сүт және сүт алмастырғыш (ZSM) бір мақсатқа қызмет етсе де, олар көптеген жолдармен ерекшеленеді.

1 литр сүт шамамен 87% судан және 13% құрғақ заттар мен қоректік заттардан тұрады. Қаймағы алынбаған сүттегі және сапалы сүт алмастырғыштардағы қоректік заттардың, энергияның және ақуыздың құрамын салыстыра отырып, 1 литр таза сүттің қоректік құндылығына қол жеткізу үшін шамамен 13% құрғақ зат 150 г жоғары сапалы сүт алмастырғыш қажет деп айтуға болады. Сонымен, дайын сусынның 1 литріне 850 г су мен 150 г ұнтақты қолдану керек.

Қыста “суыққа байланысты қосымша” туралы ұмытпаңыз! Бұзаулардың тұғанынан 3 аптаға дейінгі мерзімінде қоршаған ортаның температурасы 15°C-қа дейін немесе 3 аптадан кейінгі мерзімде 5°C-қа дейін төмендесе, бұзаудың энергияға деген қажеттілігі шамамен 30% артады. Сондықтан күніне бұзауға кемінде 250 г сүт алмастырғыш беру керек.

Судың температурасын бақылаңыздар! Тек белгіленген температурада компоненттер араласып, тұрақты және оңай сіңетін сұйықтық жасалады. Өндірушінің нұсқауларын орындаңыздар.

Бақылауды ұмытпаңыздар! Қоспаны стаканға толтырып, компоненттердің тұнба болып қалмайтынын бақылаңыздар.

Сондай-ақ, сіздер бұл кеңестерді “Бұзауларға сүт алмастырғышты дұрыс беру тұралы” атты KFM жаднамасында оқи аласыздар (орысша).

Уве Веддиге

3 08, 2022

Ыстықтан болатын стресс: сиырларды дұрыс салқындату

2022-08-03T06:46:43+01:003. августа 2022|

Техас жазында су шашыратқыштар мен желдеткіштер тоқтаусыз жұмыс істеп тұрады. Қатты ыстыққа тап болған фермерлер сиырларына барынша жайлы жағдай жасау үшін салқындату жүйелерін жаңартуды жалғастыруда.

Техастың орталығында 1600 сауын сиырын және Солтүстік Иллинойс штатында 1400 сауын сиырын сауатын Джозеф Осинга температура орташадан жоғары деп шағымданады:”менің сиырларым негізінен кросс-желдеткіші бар қораларда ұсталса да, желдеткіштер мен спринклерлер толық қуатта жұмыс істеп тұр. Алайда, Осинга күрделі салқындату технологиясының арқасында жемді тұтынудың немесе сүт мөлшерінің өзгеруін әлі байқамады:”Бүгін біз 42 кг-ға жеттік, және сиырларда бұл көрсеткіш тұрақты болатыны анық”.

Техастағы сүт өндірісі бойынша маман және доцент Хуан Пиньейродан 3 маңызды кеңес:

– Желдеткіштерді жаздың басталуына дейін олардың тиімділігін арттыру үшін тазалаңыз және оларды жерге 30 градусқа бұрып бағыттаңыз.

– Желдеткіштер сиырлардың айналасында жеткілікті ауа қозғалысын қамтамасыз етуі керек. Бұл оттықта да, жататын жерге да қатысты. Әсіресе, жатқан күйінде сиырлар жылуды аз шығарады, сондықтан мұнда желдеткішткер өте маңызды.

– Сауу залының алдындағы аулада желдеткіштер мен спринклерлердің аралас әсерін пайдаланыңыз. Егер қоршаған орта температурасы 30°C-тан жоғары болса, спринклерлерді әр бес минут сайын бірәз уақытқа қосу керек.

Сонымен қатар, Пиньейро сауу залының төбесінің жақсы жылу оқшаулауының қуатты желдетумен үйлесуі сиырларға да, сауыншыларға да пайдалы екенін баса айтады.

Уве Веддиге (дерек көзі: DairyHerd)

21 07, 2022

Дәрі-дәрмектерді сақтау

2022-08-02T05:44:40+01:0021. июля 2022|

Әр сүт фермасында дәрі-дәрмек жинағы бар. Олардың кейбіреулері үлгілі түрде жинақталған, ал басқалары олай емес. Негізінде, дәрі-дәрмектерге арналған бөлме немесе шкаф кілтке бекітіліп, тек уәкілетті адамдарға ғана қолжетімді болуы керек. Үлкен кешендерде көбінесе ортадағы сондай бір орын жеткіліксіз. Науқас мал мен төлдеуге арналған жердің жанындағы қосымша орын ұзақ жолды қысқартуға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Шкафтың немесе қойманың айналасы таза, құрғақ және жақсы жарықтандырылған болуы керек. Дегенмен, дәрі-дәрмектердің жарықтан мүмкіндігінше қорғалған болуы маңызды. Көбінесе суықтан қатып қалу және тікелей күн сәулесі түскендіктен қызу қаупі ескерілмейді. Сақтау температурасы 15° – тан 25°C-қа дейін болуы керек. Әртүрлі дәрі-дәрмектерді, мысалы вакциналарды 2-ден 8°C-қа дейінгі температурада сақтау керек. Сонымен қатар, бұл шкафтар мен тоңазытқыштарды басқа мақсаттарда қолдануға болмайды, яғни тамақ пен сусын үшін.

Жақсы көрінетіндей ашық контейнерлер жабылған контейнерлерден бөлек тұруы керек. Фотосуреттегідей канюляларды ашық флакондардың тесілген қақпақтарында қалдыруға болмайды. Негізінде, барлық дәрі – дәрмектер “бірінші келді-бірінші кетті” қағидаты бойынша сақталуы керек. Бір рет қолданылатын шприцтер, канюлялар, бір рет қолданылатын қолғаптар, хирургиялық құралдар және пункция жасайтын дезинфекциялық құралдар дәрі-дәрмек қоймасына жақын жерде сақталуы керек. Пайдаланылған инелер мен шприцтерді сақтау үшін арнайы контейнер қажет. Бұл заттарды көңге лақтыруға болмайды!

Уве Веддиге

Go to Top