About admin

This author has not yet filled in any details.
So far admin has created 329 blog entries.
29 01, 2026

Табыс аз болса да сиыр қорасын салуға бола ма?

2026-01-29T11:26:30+00:0029. января 2026|

Сүт бағасы төмендеп, малға арналған шөптің өнімділігі күтілген деңгейде болмауы, кейде басқарушы қызметкердің кетіп қалуы сияқты жағдайлар жоспарланған сиыр қорасын салуға күмән тудыруы мүмкін.

Бірден туындайтын сұрақ әрдайым бірдей: жоспарлауды жалғастыру керек пе, әлде барлық жұмыстарды уақытша тоқтатқан дұрыс па? Мұндай қиындықтар, әсіресе қора салу кезеңінде, шешім қабылдауды айтарлықтай күрделендіреді.

Сіз бәрін есептеп, сызбалар жасап, субсидия алу үшін өтініш беріп, жеткізушілермен, банктермен және билік органдарымен келіссөз жүргізесіз. Дәл осы сәтте әрбір кідіріс немесе кедергі сенімділікті әлсіретіп, шешім қабылдауды қиындатады.

Бірақ мынаны естен шығармаңыздар: сиыр қора салу — бір жылдың табысына бағытталған жоба емес. Бастапқы идея мен құрылыстың басталуы арасында бірнеше жыл өтеді. Пайдаланудың ондаған жылдарында әрқашан көтерілу мен құлдырау кезеңдері болады. Нарықтағы әрбір қысқамерзімді қозғалысты және барлық кедергілерді жоспарлауға тырысқан адам табысқа жете алмайды.

Сондықтан шешуші сәт — өзіңіздің уақыт көкжиегіңіз. Сіз бір немесе екі жылға немесе 20 жылға күнделікті жұмыс істеуге арналған құрылыс саласыз ба? Дәл осы жерде қысқа мерзімді бағдар кәсіпкерлік ойлаумен сәйкес келмейді! Жақсы жобаланған, жұмыс процестері ойластырылған, экономикалық есептеулері консервативті сиыр қорасы табысы аз кезеңдерден де аман өтеді.

Бірақ мынаны ұмытпаған жөн: сиыр қорасын салу – бір жылдың табысына бағытталған жоба емес. Бастапқы идея мен құрылыс басталуының арасында бірнеше жыл өтеді, ал пайдалану барысында ондаған жыл ішінде әрдайым көтерілу мен құлдырау кезеңдері болады. Нарықтағы қысқа мерзімді өзгерістер мен барлық кедергілерді алдын ала жоспарлауға тырысатын адам шынайы табысқа жете алмайды.

Сондықтан шешуші сәт – сіздің уақыт көкжиегіңізді дұрыс анықтау. Сіз қораны бір-екі жылға ма әлде 20 жыл бойы күнделікті пайдалану үшін саласыз ба? Қысқа мерзімді бағдар бұл жағдайда кәсіпкерлік логикамен сәйкес келмейді.

Жақсы жобаланған, жұмыс процестері мұқият ойластырылған және экономикалық есептеулері консервативті сиыр қорасы табысы төмен кезеңдерден де аман шығады.

Нақты кесте жоспарлауды жеңілдетеді: белгіленген уақыт шеңбері мен саналы түрде анықталған негізгі кезеңдер арқылы сіз сыртқы жағдайлар өзгерсе де, әрекет етуге қабілетті болып қала аласыз.

Қорқыныш – нашар кеңесші. Ол ешқашан дұрыс шешімге апармайды, көбінесе тоқырауға әкеледі. Ал құрылым, айқындық және өз шаруашылығыңызға шынайы көзқарас, керісінше, ең сенімді бағыт беруші болып табылады.

Уве Веддиге

Фото © KFM

27 01, 2026

КФМ Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасарымен кездесті

2026-01-27T15:07:41+00:0027. января 2026|

Берлинде өткен Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумының (GFFA) аясында KFM ұжымы мен Федералдық ауыл шаруашылығы, азық-түлік және өңірлік сәйкестік министрлігі (BMLEH) өкілдері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мырзамен және Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің кеңесшісі Миржан Баймаханов мырзамен кездесті.

Уве Веддиге Қазақстанның сүт секторының қазіргі жағдайын соңғы талдау нәтижесі бойынша бағалап, жобаның келесі кезеңі үшін туындайтын міндеттер мен мақсаттарды атап өтті: „Қазіргі уақытта сүт секторы мемлекеттік қолдау шараларының ықпалымен және ішкі нарықтың тұрақты өсімі негізінде жұмыс істеп келеді. Болашақ даму үшін ішкі құрылымдық кемшіліктерді дәйекті түрде жою өте маңызды“.

Бұдан кейінгі пікірталас барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі қазақстандық сүт саласы үшін 2026 жылдың қаңтарының соңына дейін ұсынылуы тиіс жаңа бағдарлама туралы айтты.

KFM жобасы аясында ұсынылған бастамалар бағдарламаның жоспарланған тармақтарында ескерілді. Министрдің орынбасарының айтуынша, KFM тарапынан көрсетілетін қолдау ерекше маңызға ие. «Әсіресе құзыреттер мен кеңес беру орталығын құруды негізгі элемент ретінде қарастырамыз. Біздің мақсатымыз — жобаны Федералдық ауыл шаруашылығы, азық-түлік және өңірлік сәйкестік министрлігімен бірлесіп жалғастыру», — деді ол.

Осыған байланысты BMLEH жауапты тұлғалары жобаны жоспарлау мақсатында Қазақстанға сапармен келетінін хабарлады. Сапар қорытындысы бойынша 2026 жылғы маусым айында ынтымақтастық ниеті туралы бірлескен меморандумға, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Уве Веддиге

Фото: APD

22 01, 2026

Криптоспоридиялар

2026-01-27T15:05:00+00:0022. января 2026|

Жаңа туған бұзауларға криптоспоридия паразиттерінің жұмыртқалары (ооцисталар) бұзаулау боксында туылған кезде-ақ жұғуы мүмкін. иыр бұзаулайтын бокста туылған кезде-ақ жұғуы мүмкін. Өмірінің 3-ші күнінде-ақ аш ішекте жаңа ооцисталар пайда болады, олар бір жағынан бұзауда инфекция тудырса, екінші жағынан нәжіспен бөлініп, басқа бұзауларға жұғады.

Ооцисталар өте төзімді, олар -17-ден +60 °C температурада бірнеше айға дейін өмір сүреді. Жеткілікті мөлшерде уыз ішпегені, гигиенаның жеткіліксіздігі, суық және ылғалды ауа райы, бұзаудың әлсіреген иммунитеті, патогендердің жоғары деңгейі және ротавирус, E.coli сияқты қосалқы инфекциялар инфекцияның дамуына ықпал етеді.

Егер бұзауға ооцисталар жұғып аурса, электролиттер мен сүт, ауырсынуды басатын дәрі, сондай-ақ Е дәрумені, селен және В12 дәрумені көмектеседі. Қайталама инфекциялардың алдын алу үшін паромомицин қолайлы. Егер бұзауда сору рефлексі байқалмаса, электролит және натрий гидрокарбонатымен инфузия жасау көмектеседі. Галофугинон белсенді затын (мысалы, Halocur) тек профилактикалық мақсатта қолдануға болады. Ескерту: артық доза уыттық әсер беруі мүмкін.

Алдын алу үшін бұзау туылғаннан кейін екі сағат ішінде төрт литр уыз ішуі керек. Зерттеулер қанында иммуноглобулин мөлшері жоғары бұзауларда ооцисталар әлдеқайда аз бөлінетінін және диареямен ауру уақыты қысқа болатынын растайды.

Бұзауға арналған бокстарды міндетті түрде мұқият тазалау және зарасыздандыру керек. Бұзау қорасы мен бұзау боксындағы бетон үсті мен жұмыс құралдарын мұқият тазалап, сілтілі жуғыш затпен көбіктендіріп, жоғары қысымды жуғышпен тазалайды. Содан кейін оларды кептіріп, неопредисанның (Neopredisan) 4% ерітіндісімен дезинфекциялау керек. Ең дұрысы, бұзауға арналған бокс бес-жеті күн бойы бос тұруы керек.

Алдын алу шараларының тағы бірі — вакцинация. Суалту кезінде жасалатын инъекцияға қосымша үш аптадан кейін екінші инъекция жасау жақсы нәтиже береді. Бұл ретте ананы қорғауға арналған вакцинацияны басқа вакцинациямен (мысалы, Rotavec-Corona) еш қиындықсыз біріктіруге болады.

Алайда, вакцинация уызбен мұқият азықтандыру мен гигиена шараларын алмастыра алмайды.

Уве Веддиге

Фото: KFM

20 01, 2026

Тефф мәселені шеше ала ма?

2026-01-27T15:02:10+00:0020. января 2026|

Тефф шөбін қолданып өте тез, өте көп жоғары сапалы жемшөп өсіруге болады.

Оны ергежейлі тары немесе құрылымына байланысты «періште шашы» деп те атайды. Ол құрғақ және өте құрғақ жерлерде өсетіндіктен оны Қазақстанда да өсіруге болады. Жапырағы көп болғандықтан оның құрамында лигнин аз.

Тұқым себілгеннен кейін 35-40 күн өткен соң-ақ шөпті шауып алуға болады, ал одан кейін әрбір 30 күн сайын шабуға болады. Тефф — бұл аурулар мен зиянкестерден зақымдалмайтын, өнімділігі жоғары төзімді өсімдік:

  • жылына бір гектардан 15 тоннаға дейін құрғақ зат шығады;
  • өте дәмді, жақсы желінеді;
  • ақуыз 18% дейін;
  • жапырағы көп, жұмсақ өсімдік;
  • сабақ үлесі аз, лигнин аз;
  • құрғақ және өте құрғақ жерлерде өседі;
  • шөпке, сүрлемге немесе жайылымға жарамды.

АҚШ-та тефф мал және коммерциялық шөп өндірушілер үшін құнды жемшөпке айналды. Ең бастысы, ол қатты құрғақшылық жағдайында да жақсы өседі.

Дереккөз: holtmann-saaten.de, өңдеген Веддиге

Фото: Holtmann

8 01, 2026

Сүт алмастырғыштардың көлемін емес, салмағын өлшеу керек

2026-01-27T14:59:24+00:008. января 2026|

Сүт алмастырғыштар (СА) мүмкіндігінше қаймағы алынбаған сүтке сәйкес болуы керек. Ол үшін ұнтақ мөлшерін дұрыс таңдау керек. Салмағына емес, көлеміне қарай мөлшерлейтіндер көбінесе қателеседі.

Құрамында 50% майсыз сүті бар жоғары сапалы сүт алмастырғыштарды қолданғаңда ингредиенттердің тұрақты концентрациясын қамтамасыз етуге болады. Бірақ ол үшін ингредиенттерді дұрыс мөлшерде араластыру керек.

Кеңес беру тәжірибесі көрсеткендей, араластырылатын мөлшерінде үлкен ауытқулары бар көптеген шаруашылықтарда  іш өту проблемалары ерте және жиі кездеседі. Болжамдарға қарамастан, майдың, ақуыздың және қанттың жоғары концентрациясы бұзаулардың ас қорытуына ауыр тиеді және оның қышқылдануына әкеледі. Іш өтудің салдарынан бұзаулар өзіне қажет сұйықтықты тез жоғалтады. Сондықтан өндірушінің нұсқауларын орындау маңызды.

Дайын қоспаны рефрактометрмен тексергенде ғана дәлірек нәтиже алуға болады. Брикс пен кестенің мәндері арқылы құрғақ затты (ҚЗ) есептеуге болады. Біздің тәжірибеміз бойынша 10,3 Брикс мәні СА 120 г/л, 12, 9 Брикс көрсеткіші — 140 г/л және 14,7 — 160 г/л концентрациясына сәйкес келеді.

Табысты фермерлер әрқашан СА салмағын өлшейді: егер сіз қаптың үстінгі жағынан ұнтақ алсаңыз, оның салмағы қаптың ең төменгі бөлігіндегі ұнтаққа қарағанда әлдеқайда жеңіл болады. Сонымен қатар, таразының жанына қажетті су мен СА мөлшерін қайта есептеу үшін араластыру кестесі ілініп тұруы керек.

Уве Веддиге

Фото © KFM

6 01, 2026

2026 жыл – қандай мақсаттараға қол жеткізгіңіз келеді?

2026-01-27T14:56:52+00:006. января 2026|

Жыл басы жұмыста әрқашан сәл тыныш кезең болады және 2026 жылға жобалық жұмысты жоспарлау негізінен аяқталған болады.

Мен өзім жаңа жылдың алғашқы күндерін келесі айларда қандай мақсаттарға қол жеткізгім келетіні туралы ойлау үшін пайдаланамын. Ал сіздерде қалай? Сіздер өздеріңіздің ұжымдарыңызбен бірге 2026 жылға қандай мақсаттар қойдыңыздар? Не істегіңіз келеді? Не үйренгіңіз келеді?

Ұжыммен кәсіпорынның мақсаттарын алдын ала талқылаңыз және оларды бірлесіп анықтаңыз:

  1. Мақсаттарды жазып қойыңыздар.
  2. Мақсаттарға қол жеткізу күнін белгілеңіздер.
  3. Аралық мақсаттарды да анықтағыздар.
  4. Мотивация үшін оларды көрнекті жерге іліп қойыңыздар!
  5. Ешқашан 3 үлкен мақсаттан артық қоймаңыздар!

Көптеген кәсіпорындарда күйлеуді бақылаудың жаңа жүйесін сатып алу, сауу бойынша тренинг немесе жаңа төлдеген сиырларға қатысты  жоспарлы менеджмент енгізу сияқты мақсаттар қарастырылады. Демалу, біліктілікті арттыру және команда құру сияқты «жұмсақ дағдылар» туралы да ұмытпаңыздар!

Мақсаттарыңыздың біріне қол жеткізгеннен кейін, оны қызметкерлеріңізбен бірге атап өте аласыздар. Осылайша, сіздер өз кәсіпорныңызды дамытасыздар және сіздерде  келесі мақсаттарыңызға жаңа идеялар пайда болады.

Уве Веддиге

23 12, 2025

2035 жылы 150 млн тонна сүт жетіспейтін болады

2026-01-27T14:49:44+00:0023. декабря 2025|

«Әлемдегі сүт өндірушілер сүтті тым көп өндіреді, оны нарық тұтына алмайды,» — деп бағалайды қазіргі жағдайды IFCN желісінің өкілі Филипп Гетц. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде сүт бағасы қысымға ұшырауда, «бірақ ұзақ мерзімді перспективада біз өсудің айқын үрдісін көріп отырмыз, өйткені сүт тапшылығы тұрақты болатынын күтеміз.»

Бүкіл әлемде ірімшік пен пиццаны көбірек тұтынатын сатып алу қабілеті жоғары тұтынушылардың үлесі артып келеді. «Біз 2035 жылға қарай әлемде шамамен 0,8 миллиард адам көп болады деп күтеміз, сондықтан бізге шамамен 15%-ға көп сүт қажет болады.» Бұл шамамен 150 млн тонна сүтке сәйкес келеді. Қазіргі уақытта АҚШ-та өндірілетін көлемнен шамамен бір жарым есе асатын қосымша қажеттілік болады.

Азия мен Африкада, Солтүстік Америкада сүт өндірісі өсіп келеді. Азияда өндірісті мемлекет тарапынан ынталандыру арқылы сүт көлемінің артуы қамтамасыз етіледі, бұл сонымен қатар сұраныс пен өндірістің өсуіне ықпал етеді. Ал Еуропа мен Океанияда сұраныс тоқырап немесе төмендеп барады.

Кәсіпорындардың рентабельділігі өндіріс шығындары мен сүт бағасына байланысты. 2024 жылы сүттің әлемдік баға индексі 11%-ға өсіп, 100 кг үшін 44,2 АҚШ долларын құрады. Шығындарға әсер ететін негізгі фактор жем-шөп шығындары болып табылады, олар 12 000-нан 20 000 теңге/кг-ға дейін (20-дан 33 еуроцент/кг-ға дейін) және осылайша жалпы шығындардың 70%-на дейін құрайды.

Филипп Гетц болашақта әлемдік сұраныс ұсыныстан жылдамырақ өсетініне сенімді. Ірі кәсіпорындарға қарай бағытталған құрылымдық қайта құру жалғасуда. Азия ең ірі импорттаушы болып қала береді.

Қорытындылай келе, қазақстандық сүт өндірушілер қолайлы табыс таба алады деп болжауға болады. Алайда, мұның маңызды шарты — жақсы дайндалған персоналдың бар болуы, жоғары өнімділік және ең жақсы азық.

Осы тұрғыда алдағы мереке күндері демалыстарыңыз жақсы өтуіне тілектеспін!

Ізгі ниетпен Уве Веддиге

Графика: KFM

19 12, 2025

Сиыр қорада музыка қосса

2026-01-27T14:45:30+00:0019. декабря 2025|

Музыканың адамға жағымды әсер ететініне күмән жоқ. Ал жануарлардың жайы қалай? Музыка сауын сиырлардың жалпы хәлін жақсарта ала ма? Бұл туралы ғылым не дейді?

Зерттеулер көрсеткендей, музыка сиырлардың дені сау және өнімді болуына көмектеседі. Музыка жануарларға стресс пен физикалық жүктемелерді жақсырақ жеңуге көмектеседі. Бұл сиырлардың өнімділігін, өсімділігін, денсаулығын және жалпы күйін жақсарта алады.

Классикалық музыка гормондық деңгейде стресстік реакциялардың белсендеуін төмендетуі мүмкін. Стресс гормондарының төменірек деңгейі маңызды физиологиялық функцияларға әсер етеді. Тыныштандыратын музыка окситоциннің түзілуіне жанама түрде ықпал етеді. Сонымен қатар, стресс деңгейі төмен болса, иммундық жүйенің жауап реакциясы жақсарады.

Музыка сиырлардың жүріс-тұрысына әсер етеді, бұл өз кезегінде өнімділік пен әл-ауқатты арттыруға ықпал етеді:

  • Неғұрлым баяу жүріс-тұрыс: зерттеулер көрсеткендей, баяу музыканың әсерінен сиырлар аз қорқады және сауу кезінде тыныш тұрады.
  • Күнделікті әрекет реттілігінің жақсаруы: сиырлар азықтанып және күйіс қайырып көп уақыт жатады. Бұл белгілерді жайлылықтың жоғары деңгейі және өзін жақсы сезіну деп бағалауға болады.
  • Әлеуметтік қылықтардың жақсаруы: егер музыка сиыр қорасына дәйекті түрде енгізілсе, агрессиялықтың төмендеуі байқалады.

Баяу және тыныштандыратын музыка сауымды шамамен 3%-ға арттырады, ал жылдам немесе ретсіз музыканың пайдасы жоқ немесе тіпті теріс әсер етеді. Сондықтан оң нәтижелерге қол жеткізу үшін музыка баяу және үйлесімді болуы керек, орташа 75 дБ-ден төмен дыбыспен ойнатылуы керек және сауын немесе демалыс сияқты маңызды күнделікті әрекеттер кезінде үнемі қолданылуы керек.

Дереккөз: CevaNews, қысқартқан Уве Веддиге

Фото: © Элизабет Хоопс

17 12, 2025

Дезинфекциялаудағы 5 қателік

2026-01-27T14:52:40+00:0017. декабря 2025|

Мал шаруашылығындағы биоқауіпсіздік: зарарсыздандыру барысындағы ең жийі кездесетін бес қателік — және сол қателіктердің алдын алу жолдары

1-қате — Дозалау қатесі: дезинфекциялау құралының тым төмен концентрациясынан вирустар, бактериялар және саңырауқұлақтар тірі қалуы мүмкін, нәтижесінде дезинфекция тиімсіз болады. Дәл өлшемейтін құрылғылар дезинфекциялық құралдың тиімділігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

2-қате — Төмен температураға байланысты қате: төмен температурада химиялық реакциялар баяу жүреді, бұл белсенді заттардың реакция жылдамдығын төмендетеді. Әсіресе қыста бұл патогендердің таралуы қаупін арттырады.

3-қате — Ақуыздарға байланысты қате: органикалық қалдықтар көптеген дезинфекциялық заттарды байланыстырады немесе бейтараптандырады. Қан, сүт қалдықтары және экскременттер белсенді заттарды бейтараптандырады. Органикалық қалдықтарды алдын ала мұқият кетірмей дезинфекциялау көбінесе қажетті нәтиже бермейді.

4-қате — Сабын мен беттік белсенді заттарды қолданудағы қателік: Құрылғылардың бетіндегі тазартқыш заттардың қалдықтары дезинфекциялау құралдарының тиімсіздігіне әкеледі. Тазалау мен дезинфекциялауды бөлек-бөлек жасау керек. Тазалаудан кейін әрдайым үстін сумен жақсылап жуып, содан кейін дезинфекциялық құралды жағу керек.

5-қате — Қолдану қатесі: әсер ету уақыты тым қысқа, біркелкі бүркілмеу немесе құралдың тым аз мөлшері салдарынан дезинфекциялау нәтижесі жеткіліксіз болады. Сондықтан жабдықты үнемі техникалық қызметтен өткізу, бүріккіштердің шашыратуы мен мөлшерін тексеру және өндіруші ұсынған әсер ету уақытын қатаң ұстану маңызды.

Қорытынды: нақты жұмыс нұсқаулары, калибрленген мөлшерлеу, құжаттама, өндірушінің ұсыныстарын ескеру және қарапайым тексерулер жеткіліксіз дезинфекциялау қаупін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Д-р Юлия Блуменберг, қысқартқан Уве Веддиге

4 02, 2020

Қазақстанның сүт өндіру саласының өкілдері Германияға барып қайтты

2020-03-18T10:25:27+00:004. февраля 2020|

Қазақстанда сүт өндіруді тұрақты дамыту саласындағы кәсіпорындардың біліктілігін арттыру атты жаңа жоба шеңберінде 2019 жылдың 8-14 желтоқсан аралығында Қазақстанның сүт өндіру саласының 8 маманына арналған Германияға бір апталық ақпараттық сапар сәтті өтті.

Ақпараттық сапардың негізгі мақсаты сүт фермаларына инвестициялық қолдау көрсету бағдарламасы, сүт фермаларына арналған ақыл-кеңес беру қызметтері, сонымен қатар Қазақстанда қоршаған ортаға қолайлы және малға жайлы жағдай жасауға бағытталған қазіргі сүт өндіру жұйелерін дамыту мақсатында басқа да қызметтер мен тәсілдемелер бойынша мәлімет беру және неміс сарапшыларымен тәжирибе алмасу болды. Сүт фермаларының бәсекеге қабілеттілігін инвестицияларды қаржыландыру арқылы қамтамасыздандыру да сапардың негізгі тақырыбы болды. Қатысушылар Германияда атап айтқанда келесі мекемелер мен серіктестерге барып қайтты:

  • Ауылшаруашылық банк (Landwirtschaftliche Rentenbank), Франкфурт;
  • Гессен федералдық жеріндегі ауылшаруашылық кәсіпорындарының инвестициаларын қолдау қызметі (STA Serviceteam Alsfeld GmbH);
  • Гессен федералдық жеріндегі сут ондіру бойынша инновациялық ұжым;
  • ИАК Аграр Консалтинг ГмбХ, Лейпциг;
  • Дойче Кредитбанк (Deutsche Kreditbank AG), Лейпциг;
  • Келлич мал шаруашылық оқыту және ғылыми-зерттеу станциясы, Кёллич;
  • Саксония-Анхальт федеральды жерінің Асыл тұқымды ірі қара мал өсірушілер бірлестігі (Риндеральянц), Бисмарк;
  • Нидергрюндау және Кельбрде екі отбасылық сүт фермасы;
  • Германияның Азық-түлік және ауыл-шаруашылығы федеральдық министрлігі (BMEL), Берлин.

Қазақстаннан келген қатысушылар жобаның негізгі серіктестерінің өкілдері болып табылады, атап өткенде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті, Аграрлық несие корпорациясы, Нұр-Сұлтандағы Мал шаруашылығының ғылыми-инновациялық орталығы және Ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының Республикалық палатасы.

Аталған жоба Германияның Азық-түлік және ауыл-шаруашылық министрлігінің екі жақтық ынтмақтастық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады, ал АДТ Проект Консалтинг ГмбХ  (жетекші орындаушы) және ИАК Аграр Консалтинг ГмбХ компанияларынан құралған консорциум жобаны осы министрліктің тапсырмасымен жүзеге асырады.

Go to Top